The Spirit of Tengri 2015 фестиваліне танымал DJ Нариман Исенов қатысады

The Spirit of Tengri 2015 этно-музыка фестивалі Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен осымен үшінші жыл қатарынан тыңдарманын тебірентпек. Жоба жетекшілері бүгінде фестивальге қызу дайындық үстінде. 

Биылғы фестивальге алғаш рет қазақстандық танымал DJ Нариман Исенов қатысады. Ол Чилдоз есімді орындаушымен бірге әнді суырып салып айтатын болады. Нариман DJ ретінде музыка ырғағы мен әртүрлі дыбыс жасайды. Бұған дейін Нариман Радик Тюлюшпен бірге бұдан басқа да фестивальдерге қатысқан. 

– The Spirit of Tengri open-air фестивалі мен қатысқан фестивальдерден мүлдем бөлек. Мұның ауқымы да кең, жанры да басқа. Фестиваль ашық аспан астында өтетіндіктен, ерекше сезімге бөленемін деген үміттенемін, - дейді Нариман. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын өтетін The Spirit of Tengri open-air фестивалі бұл жолы екі күнге жалғасады. Фестиваль 6-7 маусымда Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді.

Ұқсас жазбалар:

The Spirit of Tengri 2015 қатысушылары жария болды

The Spirit of Tengri фестивалі халықтық құндылықтарды дәріптейді