Қазақстандық каратешілер Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп қайтты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық каратешілер Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп қайтты
Фото ©️ ҚР карате федерациясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте каратеден клубтар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада отандастарымыз 2 алтын 6 күміс 6 қола жүлде еншілеп қайтты.

БӨЛІСУ

Көршілес елде өткен жарысқа әлемнің 27 клубының сапынан 450-ден астам спортшылар қатысты. Қазақстандық клубтардың каратешілері сәтті өнер көрсетіп жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Ал алтын жүлдені Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова («Тассай» клубы, 68 келі) мен Алдияр Мелдеханов («COLA Kazakhstan», 75 келі) жеңіп алды.