Аумен акула аулап алды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Panama City жағалауында балықшылар қара қанатты акуланы қолға түсірді, – деп жазады khabar.kz.

Алып мұхит жыртқышын 6 балықшы олжалаған. «Ауға қамалған акуламен күрес 1,5 сағатқа созылды. Нағыз жанталасқан арпалыс болды. Алты жақтап жүріп жыртқыштың қарсылығына әрең төтеп бердік», – дейді балықшылар тобының жетекшісі Мэтт Пембертон. 

Су тағысының салмағы – 300 келіге, ал ұзындығы – 3 метрге жуықтайды. Бұл Флориданың жаратылыстану музейнде тұрған акуладан да үлкен болып шықты.  

сурет: parentherald.com