Бөлісе отырайын! Мен келдім!

    Сәлем, массагеттік алтын достарым!  

Массагет ауылына бас сұқпағалы бақандай бір жыл өтіп кетіпті ғой. Расымен шаруадан шаруа деп, одан қала берді бос уақытты ғаламтор жағалап ,қызықты кинолар ақтарумен өткізіп алыппын. Қысқасы бос өтті. Бірақ демалыс деп осыны айтса болады. Бастысы сендерді сағынғанымды жасырмаймын. Қазынада бір жыл көлемінде бұрынғыдай қызықтар көп болды. Бірақ ми да, ой да шашыраңқы. Қай қызығыммен бөлісерімді білмей отырмын. Десек те мұнда тек аман саулығымды жеткізуге бас сұқтым. Мені іздесеңіздер де, іздемесеңіздер де хеххе.



Өткен жыл табысты аяқталды. Жас та болса үш жобаны алып солармен ел көрдім, жер көрдім.  Әдемі кештердің жүргізушісі болдым. Шапқылап жұмыс жасаумен бір жыл да өтіп кетті.  Алишер мен Қыранның жеке кештерін түрлі қалаларға қойып келдік.

Алишеріміз бұйыртса «Ару» әніне төртінші бейнебаянын түсіріп бітті.  Қырандықтар өнердегі аға-әпкелері әнші Әйгерім Қалаубаева, Қанат Үмбетовпен бірлесе ауылдарға концерт беріп елді қуантса, менің сүйкімді құрбым Әйгерім Қалмұратова биыл жылдың үздік хит әні болған «Қайырлы түн,жаным» деп шырқатқан бауырларым "Арай" тобының белді мүшесі Рысбек Аташпен әдемі дуэт жазып табыспен келесі жылға аяқ басты. Бәрінің өзіне жарасарлық жаңалықтары бар. Олар үшін өте қуаныштымын.  Продюсеріміз Бағланға көп рақмет. Жас та болса бәрін ақылмен,байыппен шешіп,дұрыс жаққа бағыттап көп істің басын қайырып тастады. Осындай достарым, әріптестерім барына мен қалай мәз болмайын.


Отбасымызда көбейіп жатырмыз. Әпкеміз тұрмысқа шығып ақ босаға аттап жатса, екінші әпкеміз қызды болды. Нұргүл әпкемнің екінші сәбиін жап-жаңа жездеміз Аяжан деп атады. Ол қыз жақтағы қызықтар болса, Ата анам «жетімдерлер руынан» тағы да немерелі болды.Өзімше «қыз жақ» ,«біз жақ» деп бөліп отырмын ғой.

 Ағамның сап сары Аидасының артын туылмай жатып аты қойылған інішегім жалғауда. Атасының «Нұрын» алып сәбиді Нұрдәулет қойды  үш жарым жасар сары әпкесі.  Осындай әдемі үндескен жағымды жаңалық артын Қазына жалғай ма деп анам жүр))) «Күзге дейін тырысып көрем енді болып қалар» деп алдап қойдым. Сөйтсем күзге дейін тоғыз ай бар екен. Тоғыз айда бала туып алуға болады, «значит» менде де бір өзгеріс болып қалары анық деп сендік енді «гастроль кастроліңді жина» деген соң)))



Қысқасы мендегі әзірге жинақталған жаңалықтың бары осы. Жағымды жаңалықтар көп болсын. Баршаңыздың үйлеріңізде әуезді әндер шырқалып ,сәбидің күлкісінен ми ашып, ойыншықтар мен памперстер шашылып жатсын. Оның өзі бір "кайф" екен шын айтамын. Сеніңіз))) Тексерілген!!!



Бөлісу: