Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сыйлық деген сиқыр бар

Сыйлық деген сиқыр бар

Сыйлық деген сиқыр бар

         Аидочка, саған үлкееееннн рахмет! Менің МАСАГЕТте бар екенімді елеп, эстафета таяқшасын тапсырған бірінші адамсың.  Енді не дейміз... Не деппін ғой ештеңе  :) Сыйлық мәселесі бойынша жүргізіліп отырған эстафетаға кішігірім өз үлесімді қосайын. Жалпы мен сыйлық сыйлап біреуді қуантқанды және өзгелерден сыйлық алғанды өте жақсы көретін жанмын.  Сондықтан төмендегі сұрақтарға қысылмай, қуана-қуана жауап бергелі отырмын.

 

1)       Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Шоколад, конфет, торт сияқты жейтін заттарды сыйға бергенді мүлде ұнатпаймын. (Бұл менің ғана пікірім. Араларыңызда мұндай сыйлықтарды алғанды немесе бергенді ұнататындар болса, мені сөге көрмеңіздер). Мен үшін сыйлық деген естелік ретінде сақталып қалатын немесе ұзақ уақыт бойы қолданылатын зат болуы тиіс.


 

2)       Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз? 

 

Ешқандай сйлықтан бас тартпаймын. Маған шын көңілмен ұсынып тұрған жанның сыйлығы ұнамаса да, жымиып ала берем. Өйткені өзгелер менің қалауымдағы сыйлықты алып беруге міндетті емес деп ойлаймын. Әркім шамасы келгенше сыйлық жасауға тырысады. Сондықтан көңілімнен шықпайтын сыйлық болса да, ұсынушының ниетін бағалап, ризалығымды білдіріп қабылдаймын.


 

3)       Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Маған ұнайтын сыйлықтар өтеееееее көөөөөөпппп. Оларды тізіп жазатын болсам, мына постты бүгін бітпейтін сияқтымын. Сондықтан ең маңыздыларын айта кейін, француз иіс суларының ішіндегі Lanvin ECLAT немесе Lanvin Janne әтірлері, ашық түсті шарфтар, жұмсақ ойыншықтар және әдеміііі сөмкелер.

Егер сыйлыққа автокөлік, пәтер, гаухар тастармен көмкерілген әшекейлер мен соңғы үлгідегі ұялы телефондарды ұсынып жатса еш қарсылығым жоқ:-). Керсінше, қуана-қуана алар едім!

 

4)       Өміріңіздегі есте қалған сый?

10 жасқа толғанымда ата-анам маған Волгоградтан «қызыл пальто» әкеп берген. Дәл сондай пальто Қазақстан бойынша білмейм, Шымкент тұрғындары арасында өз басым көрмеппін. Пальтомның стильі ереше әрі әдемі болатын. Құрбыларым маған үнемі қызаға да, қызғана қарайтын. Пальтом өзіме қатты ұнағаны соншалық үстіме сыймай қалса да, өзгеге беруге қиымай, әлі күнге үйде сақтаулы тұр. Анам: «ақыры біреуге беруге қимасаң, кейін сенің қызың киеді» деп сандыққа салып қойған.

(осы пальтоға ұқсайды, бірақ будан әдемірек)

Сондай-ақ, 18 жасқа толған кезімде Қанат деген досым 75 голландық роза гүлдерін сыйға тартты. Оның 75 тал болуының себебі  «7» қазақта қасиетті сан, ал «5» «үнемі тек «5» деген баға алуға лайықты қыз бол» деген досымның ақ ниеті екен. Шын көңілмен әкелген әлгі досымның  розалары солып қалмай үйдің ішін хош иіске бөлеп,  1,5 айға дейін тұрды. Бүгінге дейін көп сыйлық алған екенмін. Бірақ солардың ішіндегі ерекше есте қалғандары осы екеуі.


 

5)       Сізді  жалықтырған кәдесыйлар?

     Іммммм... Маған көп жерлерде «журналистсің ғой, қаламың қарымды болсын!» деп қаламсаптар сыйға тартады. Шынымды айтсам, сол үрішкелердің түр-түрін жинай беріп жалығып кеттім.

Шет елге шыққан достарымның барлығы маған сондай сыйлық ала келеді. Бұрындары олардың көңіліне қарап, сыйлықтарын сақтап қоятынмын. Қазір электрониканың дамыған шағында қаламсаптың қажеті жоқ, көбіне компьютедің көмегіне жүгінемін. Сондықтан сыйлыққа келген қаламсаптарды өткен жолы жиып-теріп, 28 жылдан бері ұстаз болып жүрген анама беріп жібердім.

 

  Обшым менің сыйлықтар жайлы сырым осы. Эстафета таяқшасын, "Мело'МЕН" тобындағы досым Ғабитке берейін десем, ол ұзаққа созып жіберетін сияқты. Оның үстіне қыр соңынан қалмай, қылқылдап, ескертіп отырмасаң, Ғабиттің ұмытып кететіні тағы бар. Сол себепті ғажайып таяқшаны мен сияқты сыйлық сыйлағанды және алғанды жақсы көретін екі адамға табыстағалы отырмын. Олар: Руслан Қанатбекұлы мен Рабиға Оңалбай! Ал, Русик, Рабок сендерден жап-жақсы пост кутемін. Менің позорымды шығармай, әдемілеп жазыңдар:)!!!

20
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 27 ақпан 2012, 15:03
Тегтер: сыйлактар сыйлау гой

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.