Мешіттер ашық тұрса екен

Мешіттер ашық тұрса екен
жеке
блог

Жұма күні кеш болса да ниетім ауып, Алматының Орталық мешітіне бардым. Алланың үйі 24 сағат ашық болады, деп ойлаған мен аңғал екенмін... Мегаполистегі ең үлкен мешіттің барлық қақпа, есіктері құлыптаулы тұрғанын көргенде жылағым келді. Қарауыл ма, жәй қызметкер ме, әйтеуір бір аға іштен шығып, мен өтінген соң «тезірек кіріп, намазыңызды оқып шығыңыз» деп есік ашты (оған Алла разы болсын!). Басқа елді қайдам, сол үшін өзім болған Түркияны айтайын. Онда ешбір мешіт кеш батқанда жабылмайды және әйелдерге арнайы тігілген белдемшелер немесе плащ секілді киімдер көптеп тұрады. Мен сондай киімді тек Астанадағы «Нұр Астана» мешітінен ғана көрдім. Алматыдағы Орталық мешітте де неге солай жағдай жасамасқа?! Өйткені, кейде мешітке барсам деген ниетіме сол белдемше кимей келгенім ғана кедергі болатынын жасырмаймын (әрине, айып та болса, күнде ұзын етек кимейтінімді де мойындаймын)... Қысқасы, намазханаларды жапсаңыздар да, Алланың үйі ашық тұрсыншы!