Асық ойнайсыздар ма?

-Әпке, асық ойнаңызшы бізбен! - деп қасыма келді "атамның баласы" боп кеткен сіңілтайым. Барлығымыз үлкен үйге жиналып мәре-сәре боп жатқан едік. Асықты қолыма ұстамағалы көп болғасын қызығып, әрі кішкентай бауырларыммен ойнағым келіп асықтарды ортаға алып дөңгеленіп отыра кеттік. "Бізге асық қаршудан басқа ойын үйретіңізші" дейді сіңілтайым көздері балбұл жайнап. Атым дардай әпке бола тұра ештеңе білмесем ұят қой)), іштей ойлана бастадым.... Иәә, асық ойындары деген қазір сірә бір мұрағаттан ғана көретін дүниеге айналғандай. (Идет загрузка...) Бала кездерім есіме түсті, екі бауырыммен талай ойнаппыз ғой. Бір дорба асықтарымыз болатын. Ұзын етіп тізіп "Ат жарыс" ойнайтынбыз. "Асық қаршу" , "Хан талапай" , ең қызығы өзіміз ат қойып алған ойын -  "НЕШЕУ?" деп аталатын. Сіңілтайым мен бауырларыма осы білгендерімді  үйретіп жатырмын. Оларға "НЕШЕУ?" деген ойын қатты ұнады. Бұл ойынды түсіндіре кетейін: асықты ойыншылар теңге бөліп алады да алдарына жасырын ұстап отырады. Сосын ойынға асық тігеді. Барлық ойыншылар тіккен асықтарын жасырын жұдырықтарына түйіп сұқ саусақтарын бір жерге қояды, сосын нешеу? деп ортақ сұрақ тастайды. Әркім жұдырықтарға қарап барлық жасырылған асықтардың санын айтады. Соңында кім дәл тапса сол барлық асықты алады.  

Қорытынды: Асық ойнау қазіргі заман үшін "старомодно" боп көрінер. Бірақ менің ойымша компьютерге "гипноз" болғаннан гөрі асық ойнап ой-санаңды шынықтырған әлдеқайда тиімді. Әрі бұл балаларға топтасып ойнауға көп көмегін тигізеді. Өздеріңіз білетіндей, компьютер ойнайтын бала үнемі жалғыз отырады, сөзге шорқақ келеді. Ал сіздер не дейсіздер?



Бөлісу: