ЛЕБІЗ

ЛЕБІЗ
жеке
блог

«Ананың көң(і)лі балада,

баланың көң(і)лі далада»-

ғұмырлы, ойшыл халқымның,

ғибраты жерде қала ма?


Бұл тәмсіл қазір өзгерген,

Болса да қанша сөз-мерген.

Балбөбегінен бас тартқан, 

Айуандықты да көз көрген.


Асылдар – туған анадан,

Арсыз да – туған анадан.

Жаралғандардың естісін,

Айырмасыншы санадан...


Ұрпақпен жарқын ертеңің,

Көңілдің күйін шертемін.

Ар алдындағы сұрақтан,

Арашаламас «ертегің»!


Асқақтап «АНА» есімің,

Тербелсін алтын бесігің!

Қателігіңді түзетсең,

Айыбы, оның несі мін?


Ана мен бала – егізі,

Тектіліктің бір негізі!

Талқандалмасын тағдырлар,

Осы ғой менің лебізім!