Жаман құты - бұл жаман ойдың дүңгіршегі...

Жаман құты - бұл жаман ойдың дүңгіршегі...
жеке
блог

Өмір –айна секілді екіжақты.Бірде бақыт қасымызға келе бергенде қайғыда ілесе келеді,өмірің енді – енді жақсарып келе жатқанда жамандық келіп аяғынан шалып кететіні жаман-ақ,өмірің енді өз жылуын беріп жатқанда суықта семсерін сүйретіп өз үлесінен құр қалмайды.Әйтеуір бәрі сені көре алмайтын секілді,кейде бәрі сен үшін ең мейрімді адамдар болып көрінеді. Бірақ қайдам бәрі уақытша екені осы мысалдарда жеткілікті екенін біліп тұрып білмей,көріп тұрып көрмей қалатынымыз жаман. Үнемі “бақыт”-деген ұшатын кілемнің артынан қуып жеткіміз келеді,бірақ ұшқан кілем көбіне –көп қасына кеп қона салмайды.Артынан жүгірткенді жақсы көретін секілді.Үнемі бақытқа қолымыз бір елі жетпейтіндей қол созып талпынамызда жүреміз.Бірақ бақытта бұйрықпен басқа орнайтын бақ...

Кейде біз жаман заттарымызды,жаман құтыға қалай салсақ ойымыздан кетпейтін жаман сәттерді,жаман ойларды сол керек еместерді миымыздағы жаман құтыға сала саламыз тап өмірдегідей,ойланбастан.Бірақ сол жаман құтынын ішіндегі жаман ойлар мен сәттер бір күні өз арнасына сыймаған судай ақтарылары анық. Ойланып көрдіңіз бе,бір сәт болса да.

Кейде өмірден жылап жүргенімізде миымыздағы жаман құтыдағы нәрсені төгіп жылап аламыз,сол жас арқылы жаман құтыны тазартып жуғымыз келеді бірақ қайдам іріп – шіріген құты қайтадан қалпына келмейтіні анық. . .

Миыңыздағы жаман құтыдан ертерек арылыңыз,бұл сіздің өміріңіз үшін өте маңызды. . .