Шәкірт жанының бағбаны

Шәкірт жанының бағбаны
жеке
блог

Мен айтқалы отырған мамандық қиындығы мен қызығы мол - ұстаздық.Бұл мамандыққа қызығушылығым оныншы сыныпта басталды. Мен ағылшын тілі пәнінен беретін Роза апайымды өте жақсы көретінмін.Оның әрбір сабағы,сөйлеген сөздері мен үшін өнеге болды. Мен оған ұқсағым келді,еліктедім.Мектеп кезінде ағылшын тілінен талай олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындар алып қайтатынмын.Мен қандай жетістікке жетсем де ұстаздарымның арқасы деп білемін.Барлық ұстаздарыма, әсіресе, Роза апайыма өз рахметімді айтамын.Өмір жасыңыз ұзақ болсын, шәкірттеріңіз жетістіктерімен қуанта берсін!

Ұстаз - шәкірт жанының бағбаны екен. Қазір педагогикалық институттың II курс студентімін. Күннен күнге бұл мамандыққа деген қызығушылығым артып келеді. Оқуды бітіргеннен кейін міндетті түрде ұстаздарымның жолын қуып мұғалім боламын.Өзімді сынап та көрдім. Оқушыларға ағылшын тілінен сабақ бердім. Олардың түрлі әдістермен ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырдым деп ойлаймын.

Мені қазір ойландырып жүргені ағылшын тілінің бірінші сынып оқу бағдарламасына енгізілгені. Әрине, бұл дұрыс деп ойлаймын. Бірақ әр нәрсенің екі жағы болатыны сияқты балаларға өзгенің тілін үйретемін деп өз тіліне деген құрмет сезімін жоғалтып алмаймыз ба? Бастауыш сыныпта балалардың миы таза тақта секілді болады, не жазсаң сол қалады,не берсең соны қабылдап алады.Ағылшын тілінде білім беретін оқулықтардың мазмұны еліміз жайында сайраса. Балалар өзге тіл арқылы өз елін біліп шықса қандай керемет болар еді.