СІЗ ҚАНША ҚАРЫЗСЫЗ?

СІЗ ҚАНША ҚАРЫЗСЫЗ?
жеке
блог

 

Әкесі қайтаратын қарыздарын есептеп отыса, оны көрген баласы бірден бөлмесіне келеді. Басына бір ой келіп, анасына жасаған ұсақ-түйек көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.

Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен қағазды көріп оқиды. Онда былай деп жазылған екен:

Анасының ұлына қарызы: нанға бардым – 100 теңге, бөлмемді жинадым - 50 теңге, "5" алдым - 50 теңге, қоқыс төктім - 100 теңге, компьютер ойнамадым - 50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым - 50 теңге, киімдерімді реттедім - 100 теңге, кір киімдерімді кіржуғыш машинаға қойдым - 50 теңге. Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар! уақытысында төлемесеңіз % қосатынымды айтып қояйын!

Келесі күні бала үстелдің үстіндегі 550 теңгені көріп қатты қуанып кетеді. Оның қасында бір есеп қағазы жазылған екен. Онда ұлымның анасына қарызы: саған ана сүтін бердім - 0 теңге, түнде қорқып оянғаныңда қасыңда болдым - 0 теңге, тамақ пісірдім - 0 теңге, науқастанғаныңда қасыңнан кетпедім - 0 теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім - 0 теңге, көңілсіз болғаныңда қолдаушың болдым - 0 теңге, көңілді болғаныңда бірге қуандым - 0 теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым - 0 теңге, сені еркелеттім - 0 теңге, ұнататың заттарды сатып алдым - 0 теңге. 

Оны көрген бала ұялғанынан анасына қарай жүгіреді. Анасын құшақтап кешірім сұрапты.