БаРлЫғЫн БаСыНаН БаСтАйЫқШы...

БаРлЫғЫн БаСыНаН БаСтАйЫқШы...
жеке
блог

Алаш қызы табыстаған кезексөзді ертең жазамын деп ем, жасыратыны жоқ, ертегі тыңдап өспеген маған ертегі жазу ауырлау болып тұр... Жазбаймын демеймін, жазамын... Кешігіңкіретіп...

Емтиханға дайындалып отырып, мұндағы қызу жүріп жатқан кезексөз ойымнан шықпағаннан соң, жазып тыншиын деп шештім...

Кезексөздегі керек дүниелерімді де «ұрлап» алып, ұялмағандай болып өз ойымды жазып отырмын... Кешірім сұраймын, болмаса жаңа жылды ауылда бастағалы тұрған соң, ескі жылдың жайын жаңа жылда айтып отырғым келмеді...

Бұл жылдың мен үшін ерекшелігі сонда, көрдім, білдім, естідім, жыладым, қуандым, бәрінен бұрын не болса ол болсын деп қолымды бір сілтеп жүрегімнің қалауын жасадым. Сонымен биылғы мендегі жыл цитатасы: «Егер өмірде әрбір адам басқа бір адамды бақытты қыла алғанда, дүниеде барлық адам бақытты болар еді» (Ю.Никулин) немесе «Все можно пережить в этой жизни пока есть для чего жить, кого любить, о ком заботиться и кому верить», сонан кейін «If at first you don t succeed, try try again» болды, ең қызығы бұл сөздерді оқымадым, әлдекімдерден естідім... Мендегі жыл танысуы:  Белгілі блогер Асхат Еркімбай мен Маржан Елшібаевамен таныстық. Олар маған танымал болып та беймәлім адамдай қарапайым болуға болатынын ұқтырғандай болды...Биылғы блогқұрылтайға барғанымды қайтейін, ұялшақтығымның "арқасында" ешкіммен танысып жарытпадым. Мендегі жыл жаңалығы:  Массагетке келуім, махаббатты мойындауым, кереметке сенетін болғаным... Жақсы ма, жаман ба Аллаға аян енді... Мендегі жыл әні: Сіңілім айтпақшы: «Аталарыңның ауызы ауырмай ма осы?! Сен де айқайлатудан шаршамайды екенсің»,-деп... Термелер мен ескі әуендер... Мендегі жыл кітаптары: шынайы өмірді ұқтырған Немат Келімбетовтың: «Үміт үзгім келмейдісі» мен Ораз Қауғабайдың «Таңғажайып Қонаевы». Мендегі жыл сайты: Өзіміздің массагет қой, сонсоң #onmediakz аман болсын! Мендегі жыл қызығушылығы: Алла мен адамды тануға талпынысым... Мендегі жыл тағамы:  Дайын ас, көбіне дайындаушы өзің болғасын солай болады екен ... Мендегі жыл жемісі:  банан, біздің үйдің кішкентайы медицинаға түскелі, витамин сол жемісте ғана бардай көрініп кетеді кейде маған...Жылдың керемет адамы:  Іштегі адамым... Жылатып, күлдіріп, уатып, құлатып, Аллаға алақан жайдырып, пендеге қол ұшын создыруды қалайтын, менің жүрегіме жайғасқан періштеге ұқсас беймәлім  «пендем»...

Жыл блогерлері: Мақпал Сембай, Гүлжан Серік, сирек жазатын Өмірбек Сансызбай – жазбаларыңыз жаныма тым жақын...(массагеттің қызметкерлері деп ойламағандарымның ішінен). Бұл жылдағы сүйікті мекенім: Анам мен әкемді құшақтап жатқан өзімнің туған қалам Кентауым... Мендегі жыл киносы: «Кіші қиямет», түрікше бірнеше сериалы кинодан жанымдағы сауалдың біршамасына жауап таба алдым... Мендегі рухани жаңалық: Кемшіндеу бұл жылы... Жыл мерекесі: Сіңілімнің туылған күні... Ол есейген сайын қуанамын, ол есейген сайын мендегі мереке көбейгеніндей, жауапкершілік артарын ұғынамын. Жыл өкініші: сезімнен сенімді жоғары қойғаным... Өзімнің діттеген мақсаттарыма қол жеткізуде жәйбасарлық танытқаным...

            Таңертең: «Жаңа жылда барлығын жаңадан бастайықшы»,-деген хат келді...  Йә, мен барлығын жаңадан бастағым келеді... Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоғы анық... «Сіз де барлығын жаңадан бастаңызшы»,-дегім келді... Жүрегінде сауалдары мол жандарға айтарым: «ЖАҢА ЖЫЛДА БАРЛЫҒЫН ЖАҢАДАН БАСТАҢЫЗШЫ...»