Польша сапары ( 1-бөлім)

Польша сапары ( 1-бөлім)
жеке
блог

Салем, массагеттік достар! Мен мұнда бірінші жазбамды салып отырмын. Біраз уақыт бұрын тіркеліп, арасында пікір қалдырып, сырттай оқып тұрамын сайттағы жазбаларды. Қолданушылардың бәрін болмаса да 20-30 пайызын танимын және сол 20-30 пайызға менің жазбам қызық болады деп ойлаймын :)

Жыл аяқталуға жақындағанда мен қорытынды блог жазуға кірістім. Бірнеше бөлімдерге бөлетін шығармын, өйткені дер кезінде ешқайсысына блогпост арнамаппын. Жыл тақағанда бәрін топырлатып жазып тастайын енді. Бұл жыл мен үшін САЯХАТ жылы болды десем болады. Өйткені, жыл басында Еуропаға сапар басталып, көктемде Алматының табиғатын тамашалап, жазда Ыстықкөлге сапарлатқан болатынмын. Сол үшін Саяхат жылы деп атауды жөн санадым. Алдын-ала айтып қояйын, пост көпәріп))) қаласаңыз оқып шығыңыз, оқымасаңыз өкпем жоқ))

Былтыр магистратураға түскен кезде, бізде шетелге оқу-тәжірибе алмасуға мүмкіндік барын білдік. Қуандық әрине, бірақ та қайда баратынымыз бізге қиындық тудырды. Басында Америкаға барсақ деп ойландық, одан кейін Гонгконг деп жоспарладық, Испанияға да барғымыз келді. Бұйыртқаны, Польша мемлекеті болды. Мүлдем бейтаныс мемлекет туралы адамдардан сұрастыра бастасам, оййй, Польша ма? деген сынды жауаптар алдым. Әрине, Италия, Франция мемлекеттермен салыстырғанда атағы жер жарып тұрған жоқ, десе де өзіне тән ерекшелік, поляк мәдениеті барған кезде кез келген адамды баурап алатынына күмәнім жоқ. Өйткені, барған 10 студент әлі күнге сол сапарды жыр қылып, сағынады. Жүрген жерлеріміздің әр қайсысынының өз қызықтары бар. Аз ғана уақыт болсақ та ерекше әсермен оралдық. Жер, ел көрген жақсы ғой, басқа елдің мәдениет, салт-дәстүрімен танысып, ой-санаң өседі.

Сонымен, билет, виза билетімізде алып, жолға дайындалдық. Ақпарат ретінде айта кетейін, бізде виза жасау қиындық тудырмады, өйткені Польшаға оқуға немесе оқу-іс тәжірибесіне баратын студенттерге визаны тегін жасайды және Польшаның елшілігі Алматы қаласында орналасқан. Виза жасау да бір қызық болды. Аз ғана уақыт қалған кезде виза жасауға жүгірдік. Оның алдында университеттен бөлінетін қаржы үшін жүгірдік, оған сан мыңдаған қол керек екен. Ол да бір хикая болды. Оннан астам жерге барып қол қойдыру керек. Барлығына қол қойдырып, оныншы адамға барғанда қайтарып жібере берді. Бағдарама дұрыс емес, бағдарламаның түпнұсқасы керек сынды мәселелермен екі-үш мәрте өтініш жазып, сабылдық. Соңында барғымыз келмей қалғанын да жасырмаймыз. Ең соңғы апта дегенде қолды қойдырып, берілетін қаржыны аудартып, виза жасауға кірістік. Визаға өтінішті электронды толтырып, қағазға шығарып алып бару керек. Кей жерлерін дұрыс толтырмадық, өйткені екінші фамилияң деген сияқты жерлерді не деп толтыратынымызды білмей қиналдық. Толтырған қағазымызды қатесімен алып бардық, не де болса бұйыртқанын көрейік деп, болмаса қалар деген ой болды. Қағаздан шаршап кеттік негізі))) қаншама қағаз, есеп жоқ санында. Елшілікке барып, толтырылған өтінішімізді өткіздік, сөйтсек суретімізді жабыстырмаппыз. Асығып жүріп, ұмытып кеткенбіз ғой. (негізі көпше түрде жазуыма себеп, біз онымыз бірге жүріп, бірдей жасағанбыз))). Терезеде отырған тәте қатал кісі екен, бітті қатемізді көреді деп ойладық. Сонда да қайтпаймыз. Негізі, дұрыс толтырылғандары болды арамызды, 2-3 адамдыкынде қате кетті. Содан дүкенге барып, қағазымызды желімдеп қайта келдік. Алдымыздағы 4-5 адамды күтіп тұрдық, алдымызда кішкентай екі қыз тұрған кезегі келген бетте әлгі қыздың біреуі терезенің алдына барған кезде талып қалды. Иа, талып қалды. Ерте тұрып, қағаз жинап, нәр татпай шыққан ғой. Түске дейін әлсіреп қалған, содан сол жерде әлгі қызды сүйреп, су ішкізіп, есін жиғыздық. Бүкіл елшілік шошып кетті, жедел-жәрдем шақырып, қағаздағы қатемізге қарамай, қағаздарымызды қабылдап алды. Кейін ол екі қызды Торуньде эрасмус-мундус бағдарламасымен келген студенттердің жиынына барғанда көрдік. Біздерді танымаған шығар, бірақ біздің есімізде ол екі қыз жақсы сақталған болатын))) Осылай визаның шаруасын бітірдік))) Сол кезде басымызға неге басқа Еуропадағы мемлекеттерге бармасқа деген ой келіп, Франция, Италия, Түркия мемлекеттеріне баратын болдық. Ол туралы келесі жазбаларда толығырақ жазылады.

Польшаға Стамбул арқылы ұштық. 10 студенттен басқа, мұғаліміміз Гүлмира Сұлтанбаева апай және кішкентай қызы Айкен мен докторант Марс Джанабаев болды. Улап-шулап, Стамбулға қондық. Стамбулдың әуежайы үлкен екен. Пәшти 10 студенте те бірінші рет шетел асып, самолетке отырып жатыр)))) Адамдардан сұрастырып жүріп, ұшағымға кіретін жерге барып, аэропорттың бір басынан екінші басына барам дегенше жарты сағат уақытымыз кетті. Барып күтіп отырсақ, ол ұшақ басқа мемлекетке ұшады екен, содан Варшаваға ұшатынын іздеп, тауып алдық. Барып орнымызға жайғасып, уф дедік, сәл болмағанда қалып қалатын едік ұшақтан))) 

Стамбул әуежайындамыз

Стамбул әуежайындамыз

 

Варшаваға келген соң, Гүлмира апай мен докторант және екі студентті алып Слубицэ қаласына конференцияға кетті, қалған сегізімізді екі поляк студент Торуньге пойызға билет алып беріп, кетіп қалды. Негізі жолдарынан қалдырмайық дедік өзімізше)) сөйтсек, вокзалдары екі этаж екен))) қайдан білейік, тағы адамдардан сұрастырып, Торуньге баратын пойызды күттік. Тұрмыз, тұрмыз, бір пойыз келді, Торуньге баратын сол емес пе деп бір қоямыз, біздің пойызымыз әлі жоқ, бізге көмек беріп, жол көрсетіп тұрған екі қыз жоқ сіздердің пойыз ол емес дейді. Ал уақытқа қарасақ, жаңа келген басқа пойыз келер емес, содан не де болса барып сұрайық дедік. Сөөййттсек, біздің пойыз екен келген. Содан чемондандарымызды сүйреп алып, жүгірдік. Біз міндік, пойыз жүрді. Түріміз аянышты болып кеткен))) тағы да қалып кете жаздадық. 

Варшава вокзалында

Варшава вокзалында

Ол жаққа дейін 4-5 сағат жол жүру керек. Жолда тағы уайым басталды))) Торуньге түсетін жерді бізге көрсетіңіз деп адамдардан сұрай бастадық) енді білмейміз ғой, пойыздары станцияда бес-ақ минут тоқтайды екен. Алаңдай бастадық, Торунь деп басқа қалаға түсіп қалсақ ше немесе өтіп кетсек не болады деген ойлар ғой біздікі)) Содан Торуньге түстік, бізді бір студент күтіп алады екен)) біздің топырлап түскенімізді көріп, бізге қарай бір бала келді. Қуанып кеттік, шынымен Торуньге келіппіз ғой деп. Ол баланың аты – Аркадюш. Аркадюш досымен бірге бізді автобустың аялдамасына алып келе жатыр. Қолымызды ауыр чемодандар, келе жатырмыз, келе жатырмыз, құдай-ау мына аялдаманың көрінетін түрі жоқ қой деп қоямыз. Таксиге неге отырмаймыз деп те сұрадық, сөйтсек, такси мұнда километріне есептеледі, ал жатақханаға дейін алыс, көп ақшаларыңыз кетеді деді. Жарайды деп аялдамаға да жеттік. Аялдама тұрған жер тура өз аулыма ұқсат кетті. Қыздар да солай Қазақстандағы ауылдарға ұқсатып тұрған екен. Содан Еңлік деген қыз тек тұрмай Аркадюшке This is village? деді. Аркадюшіміздің көзі шығып кетіп, жоқ, жоқ бұл қала деді. Енді қайтейік, көріп тұрған жеріміз ауылға ұқсап кетсе))) автобусқа отырып, қалаға қарай кіріп, Висла өзенінің үстімен өтіп бара жатқанда, еее бұл қала екен деп ойладық)) келіп жатақханамызға орналасып, бір күннен соң, сабағымыз басталды. Сабақ болғанда бізге арнайы дайындалған мастер-класстар өткізілді. Айтпақшы, біз Николай Коперник атындағы университетке бардық. Айта кетейін, 200 мыңнан астам халқы бар Торунь қаласы Николай Коперникпен мақтанады. 

 

 

Н. Коперник деген осы кісі 

Н. Коперник деген осы кісі :)

Және қала пряниктің (бірәндік) қаласы болып есептеледі, отаны емес. Былайша айтқанда, брендтері ғой. Ол туралы Коперник мұражайы туралы жазғанда толығырақ жазамын)))

Сонымен сабақтар басталды, Ивона Массака бастаған профессордан бастап, Мариана Прокоп, Патрик есімді докторанттардың мастер-класстарынан көп мағлұмат алдық. Оларда ғылым жолына келген қыздар/балдар тек ғылыммен айналысады екен, біздегі сияқты жүрдім-бардым деген жоқ. Таңдаған саласын бүге-шүгесіне дейін зерттейді. Оны сонда бізге сабақ берген мұғалімдердің берген дәрістерінен байқадық. Мұғалімдер Белоруссия, Украинадан келген орыстілділер болды. Ол жақта ағылшынша білетіндер аз екен, көбі полякша сөйлейді. Әсіресе, қала тұрғындары.

Дәрістердегі суреттермен бөлісейін :)

Патрик ағаймен

Патрик ағаймен 

 

Профессор Ивона Массакамен (менің жанымда тұрған әйел кісі)

 

Профессор Ивона Массакамен (менің жанымда тұрған әйел кісі) 

 

Мариана Прокоптың дәрісінде

Мариана Прокоптың дәрісінде

Мариана Прокоптың дәрісінде 

 

Университет алды

Университет алды

 

Кезеті бір дәрісте

Кезеті бір дәрісте 

Сонымен қатар, әр мұғалімге Қазақстаннан, бізден естелік болсын деп осындай кәде-сыйлар жасадық. 

Кезеті бір дәрісте

 

Енді Торунь қаласы жайлы көрген-түйгендеріме тоқталайын. Біз барған уақыт студенттердің демалыс уақыты болды. Транспорт дұрыс жолға қойылған, оларда біздегідей валидатор емес екен, алдын-ала билетті киоскіден сатып алдық (негізі Варшава, Краков сияқты үлкен қалаларда билет сататын арнайы автоматтан сатып алады). Кірген кезде билетке мөр басатын аппараттар болады,соған билетті салып «тақ» еткізіп, мөр басып аламыз)) Біздегі сияқты оларда да билетті жолда тексереді екен. Бірінші күні Аркадюш досымыз универге апарып тастады, және университетке баратын автобус нөмірлерін айтып берді. Ары қарайғысын өзіміз де үйрендік. 

Автобуста

 

Қала таза, адамдар біздер сияқты светофордың қызылы жанып тұрса, өтіп кете бермейді екен. Жасыл жанғанша күтеді. Профессор Ивона Массаканың айтуы бойынша, қызыл жанып тұрғанда өткенін жолполейцелері көріп қойса, 10 мың теңгедей айыппұл төлеткізеді екен. Жыласаң да, талып қалсаң да бәрібір айыппұл төлейсің деді))) обшым, заңның аты – заң)) орындауың керек, болды. Жоғарыда айтып кеткенімдей, қала тұрғындары көбінде полякша сөйлейді. Дүкенге барғанда «Дзен добрый» дейміз де, ары қарай орысша сөйлейміз))) хе-хе жан бағудың қамы ғой енді біздікі) негізі үлкендері орысша түсінеді. Бірақ сөйлемейді. Өйткені, Польша халқы Ресейден көп қысым көрген. Сол себепті деп түсіндірді біздерге. Обшым, бәріне үлгеріп жүрдік, қыз болған соң, шоппинг жасамай тұрмайсың ғой, елде жүргенде Польшаның аяқ киімдері жақсы дегенді естіп, 3-4-ке дейін сабақта болып, сабақтан шыққан соң, шоппинг жасауға кетеміз))) кешке шаршап-шалдығып келсак те, сонда да шаршадық демейміз ғой)))

Тамақ жағы сәл қиындау болды, етті тамақ жеуге қорқамыз, шошқаның етімен жасайды екен көп тамақтарын. Сол фаст-фуд жеп күнкөрдік, поляктардың да өз дөнерлері бар екен (ішінде тауықтың еті және капустаның 3 немесе 4 түрі бар))). Профессор Ивона бізді бір кафеге алып барған. Сол жерде тауық еті және саңырауқұлақтан дайындалған самса сияқты поляктардың ұлттық асын (пирожни деп атады бізге) жедік. Қыздар деген өй, мынау біздің самса ғой деді))) лишні өзіме ұнады))) 

Мынау сол самса))

Мынау сол самса))

 

3-4 күн өткен соң, Виктория есімді гид бізге қаланы аралалатты. Ұмытып кетіппін ғой, қала екіге бөлінген Ескі қала, Жаңа қала болып, біз сол Ескі қаланы араладық. Ескі қала қаланың ескі бөлігі болып есептеледі. Онда ескі кірпіштен соғылған үйлер сақталған, және сондағы тарихшылардың болжауы бойынша Н. Коперник тұрған деген үйді көрсетті. Қаланың ортасында Николай Коперниктің 1853 жылы орнатылған ескерткіші және мұражайы үйі бар.

Ескі қаладағы суреттерді тамашалайық :)

банк 

Ескі банктердің бірі 

 

Ескі қала

Ескі қаланың сыртынан қарағанда 

 

Ескі қаланың макеті

Ескі қаланың макеті 

Орталық алаңда

Орталық алаңда 

 

Н. Коперник ескерткішінің алдында

Н. Коперник ескерткішінің алдында 

театр

Торунь театрының алды 

 

ескі қала

Біз тұрған қабырғаға тіп-тік тұру керек, яғни аяғың мен басың қабырғаға тию керек, ал қабырға сондай қисық тұрғызылған :)

 

Ескі қала

Ескі қала 

 

Торунь

Түнгі Торунь

Осымен кішкене кідірейін)) Әйтпесе жазбам көпәріп болып бара жатыр))) Келесі жазба бұдан да қызық, күтіңіздер)) Жалғасы бар.