Менде асыға жылды қорытындылайын!!!!!!!!!!!!

Менде асыға жылды қорытындылайын!!!!!!!!!!!!
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме Массагет ауылының тұрғындары және осы ауылда тұратын бауырымдай болып кеткен менің достарым. Қалайсыздар достар? Әрине мені жоғалтып алған боларсыздар? Сіздерді қатты сагынып қалдым. Әттең шіркін, мына уақытта зымырап өте шығады екен! Біріншіден, Сіздерден кешірім сұраймын! Өйткені Массагетке кірмегеніме, онда блог жазыспағалыда көп болыпты. Қателеспесем 6 айдан болған секілді. Бірақ әлеуметтік желілер арқылы хал-жағдайымды сұрап тұратын Массагеттік достарымда баршылық. Оларға алғысым шексіз. Кірмей кеткен себебім, жұмысымның көптігі, қолымның босамай жүргені, бірақ жүрегім әрдайым Массагет деп тұрады. Ия, менің бір жылым жұмыс, қызмет, іс-сапарлар деп өтіпті, соның нәтижесінде кейде ойланып қарасам, жаныма жақын деген адамдарыма, достарыма, Массагеттік достарыма, сондай-ақ өзіме де көңіл бөлуді ұмытып кетіппін. Осы 2-3 күндікте Массагет сайтына кіріп қарасам, достарым жылдық қорытындыларын жасап жатқан кезде, менде біраз ойландым. Сөйтсем қызметіме мән беріп жүре беріппін. Достар ренжемеңіздерші, өйткені менде эстафетаны кезексіз алып жатырмын. Енді менде осы жылды қорытындылай кетейін: 

Жыл дәйекті сөзім:

- «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»

                                                                                                       А.Құнанбаев

- «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»  

Н.Назарбаев

         Жылдың танысу сәттері: Қызмет бабында қазақ еліне танымал, ең бастысы ел үшін ат салысып жүрген көптеген азаматтармен, азаматшалармен таныстым. Солардың өмірлік жолында кездескен қилы өтпелі жолдарын айтқан кезде, солардан кішкене болсада сабақ алып, өмірімді өзгертуіме септігін тигізген сәттері де көп болды.

         Жыл жаңалығы: Мен үшін жаңалығым жақында жаңа қонысты (үйлі) болдық. Ендігі бір Алладан тілегім сол шаңырағымызда анам балапандарының қызығын көріп, тек қуаныш, бақыт, той болсын деп тілеймін. Ал, мәдениет саласында да айтарлықтай жаңалықтар көп қой. Жаңа топтар, әншілер өнер жолына қадам басып жатыр, жаңа әндер жазылып жатыр. Ал сол жаңалықтың жаршысы болған елді шулатқан Қайрат Нұртас болды. Ол туралы елде қаңқу сөздер, өсек-аяңдар көбейіп кетті. Сондай-ақ еліміздің мақтан тұтар ерке қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова апамызды да көк жәшіктен көрсетпей, сахналарға шығармай жатыр деген сыбыстарда, теледидардан жаналықтарда көбейді. Әрине жүректі ауыртады, өйкені Қазақ елінде қазақ деген халық азғантай. Кейде кеуделерін төске ұрып мақтанып та жатады қазақтар көппіз, бауырмалмыз деп, бірақ шын мәнінде олай емес. Бір сәт адамдар кейде ойланса екен деймін. Кейде бауырмалмыз деп жатып, бір-бірімізді көре алмай, біреуге айдап салып, аяқтан шалып жатамыз. Сондай сәтте, біріншіден тәубеге келіп, бір сәт ойланып барып, қадамға барса екен деймін. Келесі жылдан, Қазақ елінен жағымды, қуанышты жаналықтар күтемін. Алла соны нәсіп етсін.

         Жыл киносы: Мен кино мен сериал қарауға уақытым жоқ, бірақ мен үшін ең қызықты телесериал болған «Тракторшының махаббаты». Уақыт тауып, қарауға тырыстым. Қатты ұнады.

         Жыл актері: Нұрлан Әлімжан мен Берік Айтжанов.

         Жылдың үздік әні: Ернар Айдардың әндері шығар. Ернардың «Ақтамақ» әні ұнады тек. Ғаділбек Жанайдың «Өмір жолы», Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың соңғы шыққан «Айта алмай» деген хит әні.

         Жыл блогері: Кешіріңіздер, мен үшін барлығының жазбалары ұнайды. Өйткені бәрінде қатты жақсы көремін.

         Егер мені іздесеңіздер: gulfairuz_88@mail.ru. Инстаграмдада бармын: @gulfairuzberikovna.

         Массагеттіктер, сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Жаңа жылда жаңа табыстарға кенеліп, бастарыңыз бос жандар, ғашықтарымен қауышып, бақытқа кенелсін.

         Енді әдеттегідей фотоларыммен бөлісіп отырайын:

Ең кенже інім Бексланмен Байқонырда

  Ең кенже інім Бексланмен Байқоңырда!

 

Байқонырда...

Байқоңыр қазақтың жері болғанмен, нағыз орыс халқының жері екен!

Ақтөбеге жол тарттым.

 

Ақтөбеге жол тарттым

НұрӘлиСұлтан есімді кішкентай ботақанмен!!!!!!!!!!

НұрӘлиСұлтан

Нұрберген есімді ініммен

Нұрбергенмен

Кейде осындай сәттерде болады:

Кейбір сәттер

Бұл да мен!!!!!!!

Бұлда мен

Жұмыстағы түскі үзілісті пайдаланып дегендей

Жұмыста

 

Гүлфайруз

Ақтөбеден Жанар есімді сіңлім келген сәт!

Жанар сіңлім келіп қуантар кез

Корпоративтік кешіме дайындық

Корпоративке дайындық

 

Жаңа жылдық кештегі фотолар, Астана қаласы, Жұмбақтас рестораны. 25.12.2013жАстанада

Жаңа жылда жаңа бастық келді. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры және ұжымы 

Жана жыл

Кадр қызметінің директоры Жомартпен

Жомартпен

Дайындаған: Гульфайруз Берікққызы