Кейде...

... Кейде осындай жазбаларыма тақырып таппай қиналам, сондықтан да "кейде" деген атпен жазбаларым өте көп екенін білем бірақ сонда да, сонда да сондай атпен жаза береді екем.... 

... кейде тіпті ойларымды жазудан сескенем, елдер басқалай түсініп қала ма деп.... 

.... махаббат туралы жаза бергім келеді жаза бергім, бірақ жасымды білетін, бақытын  тапқан адамдар күлетін сияқты көрінеді... 

.... адамдардың бақытты суреттерін қарап өзім көңілсіз өмір сүріп жатқан сияқты көрінем, бірақ мен осы өмірімде әлдеқайда бақыттымын... 

.... оған жынданам, бірақ мен түсінуім керек қой оның мүмкіндігін. енді ол да, өзім де түсінуім керек кейінге қайтар жол екенін... 

... автобуста мен ылғи жан-жағыма елеңдеп тұрам, мүмкін маған ұнайтын адам кезігетін шығар деп, бірақ бірде бір адамды жақтырмай тұрам.... 

... өзімді керемет сезініп кететін кезім болады, орныма түсіру үшін бір ғана сөз жетеді және оны мамам ғана жақсылап айта алады....

... кейде бәрін айтып салғым кеп тұрады, бірақ ішімнен бір нәрсе жібермейді,  не екенін өзімде түсіне алмадым... 

... махаббат туралы жазбаларды өздерінше ұнатпайтындардың бәрі махаббатта жолы болмағандар деп ойлаймын, сондықтан да олар оны оқыған сайын жараларының беті ашылады... 

... жасымды білген сайын, бір сұрақ қойылады, соның қажеттілігін осы уақытқа шейін сезінсем баяғыда кетіп қалар ем, тек әлі ерте деп келіппін әлде мен ондай қадамға баратын адамды жолықтырмаған соң бармаған шығармын. Бірақ, оның бәрін бір кездескен адамға түсіндіріп тұра алмайсың.... Мамама да... Папама да... 

.....Елдердегі болып жатқан жақсы нәрселердің бәрі менде де болса ғой деп ойлай берем, неге болмады деген кезде өз әлсіздігімді мойындауға, шындыққа тура қарауға тура келеді. Ұялам, себебі бұрын менде бұрын ол мақсат болмағанына... 

..... Қымбат сыйлық беріледі десе адамдардың жиыннан қалмай баратынын байқадым, өзімніңде пенде екенімді ұмытпағандаймын.... 

.....Көзім талып жүр, білем бұл да еріншектігім... Тым еріншекпін... Біреу болса ғой бар кінәні арта салатын.... соған үйреніп алыппын... 



Бөлісу: