Жаңа жыл есіктен қаққанда...

Жаңа жыл есіктен қаққанда...
жеке
блог

Құрметті оқырмандар! Жаңа жыл да міне, жылыстап жетіп қалды. 

Жаңа жыл әркімнің өз-өзіне есеп беретін уақыты. Жылқы жылы есіктен қағып, саңылаудан сығалап тұрған қазіргі шақта сіздерге осы жылы бізді қолдағандарыңыз үшін үлкен алғыс айтқымыз келеді! 

Біздің  басты мақсатымыз – күллі әлемге рок жанры арқылы домбыра аспабын таныту. Біз әлемді электр гитарамен таң қалдыра алмаймыз, ал электр домбыра қазақ өнерін әлемге кеңінен әйгілі етудің бірден-бір жолы. Осы жолда жасап жатқан жұмыстарымызды бағалап, бізге ыстық ықыласпен қошемет көрсетіп жүргендеріңіз үшін рақмет айтамыз!

Әрбір жақсы тілек бізді шабыттандырып, алға жетелейді. 

Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылдан Жаңа жылға аман-сау жете берейік! Массагет порталының өресі биік қолданушыларына асқақ арман мен алға қойған мақсаттарының жүзеге асуын тілейміз! Шабыттарыңыз сарқылмасын! Аман жүріңіздер! 

Сіздерге деген шексіз құрметпен: "Аldaspan" тобы

Сурет: voiceable.org