Сәлем, "Массагет"!, Сәлем, достар!

Сәлем, "Массагет"!, Сәлем, достар!
жеке
блог

Сәлем, достар! Бүгін тәуекел етіп, қосылдым ғой ақыры қатарларыңызға Foot in mouth

Аты-жөнім - Әйгерім Бегімбет. ҚазҰУ-дің, журфактың түлегімін. 8-сыныптан бастап Алма Үмбеттегі, Сұлтан Қалиұлы сынды аға-апаларым секілді "Ұланда" мен де журналист болсам ғой деп армандағанмын. 10-сыныпта "Жас тілші" куәлігіне ие болдым. Алматы, Астана қаласында өткен жас тілшілердің республикалық форум-фестивальдеріне қатысуға мүмкіндік алдым "Ұланымның" арқасында. Қаншама достар таптым. 

Студенттік іс-тәжірибеден де 4 жыл бойы "Ұланнан" өттім. Былтыры жылы Алматыны, достарымды, "Ұланымды" қимай-қимай Шымкентке қайтқанмын. Аллаға шүкір, қыркүйек айында арманым орындалып, "Жас Өркен" ЖШС-і Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі етіп жұмысқа қабылдады. Қуанышымда шек жоқ, шынымды айтсам. 

Ауылда тұрамын. Бос уақытымда фотографиямен айналысамын, сурет саламын, электронды кітаптар жасаймын. Бұйыртса "Массагеттегі" ең үздік жазбаларды, өлеңдерді топтастырып, ұялы телефонға, планшетке жүктейтін кітап жасауға болады екен деп ойлап отырмын. 

Басқа да сауалдарыңыз болса қоя беріңіздер. Ең бастысы келдім ғойEmbarassed