Ерте "қайтқан" адамның бәрі де жақсы адам болған ба...

Ерте "қайтқан" адамның бәрі де жақсы адам болған ба...
жеке
блог

***...кәмпит ұрлап жейтінбіз. Сандықтан. Әпкем екеуміз. Мамам дастарханға салса, аса қызығып жемейміз. «Ұрлап» жеген анағұрлым тәтті! Мамам ылғи біліп қоятын. Қайдан біледі деп таң қалатынбыз. «Операция» кезінде сандықтың үстін босатпайтынбыз. Уақыт тығыз.  Сөйтсек, сандықтың үстіндегі жапқыш пен киімдердің шеті қысылып қалады екен сандыққа. Кім білген? Содан кейін мұқият болатын болдық. Дегенмен, ақыр соңында «қазынамыздың» орны ауысып тынды. Сағындырған тәтті шақ...


***...жұмақтық мекенім, періште досым...бәрі... бәрі қалды артта. Сусып кетіп жатыр, кетіп жатыр...өтіп жатыр, бітіп жатыр... барлығының барар жері бір жер ме... екен...


***...әнім бар шырқайтын, мәнім бар ұғынар, таңым бар арайлап атар, сәнім бар шүкірлік қылар, жаным бар кеудемді керген, бүгін бар кешегімді еске алар, үнім бар жүректің грамафоны... Эх, Өмір, сүйдірдің де, күйдірдің! Енді не қалды? Тағы үміт пе? Кет ей әрі, сабалақ итше жаныма жуымай...


***...адамның қадірлі де, мейірімді, қандай жақсы адам, қаншалықты керек адам болғандығын өлген кезінде ғана түсінетініміз-ай...

ПыСы: ...кейде, өлген, бізден бұрын, ерте қайтқан адамның бәрі де жақсы адам болған ба... әлде жақсы болғандықтан ерте қайта ма (?)... деп ойлап қаласың... ертерек қайтсам, мен туралы да жақсы ойлай ма адамдар сонда...