Массагет!

 

Межесіне жеткенше мына ғалам

Мақсаты мен арманын қуады адам!

Мен сенің қадамыңның тілекшісі,

Мен сенің өрлеуіңе куә болам!

 

Асығың түссін дәйім алшысынан!

( Айна көлдің кіршіксіз тамшысынан )

Асыл достан өзіңдей айналайын )))

Айналайын «жаңалық жаршысынан»! 

 

Сезесің бе сенде енді достарың көп?..

( Сен жайлы отыр шумақ бастағым кеп... )

Сағымға еріп кетсем де қаласың сен

Сенім мен дос туралы дастаным боп!!!

 

Арманға жетелей бер жастарыңды,

Анықтап алар асу, асқарыңды.

«Адалдықтың шыңы» деп баға бердік

«Ақ жолмен жүріп өт!» деп қас-қағымды!

 

 


Ерттеп алып жас жүрек атқа мінді

Ерлік пен елдік атын жатқа білді.

Еңсесі түспеуі үшін есімін біз

Елге айтып, етейік мақтан, үлгі!!!

 

Тәуелсіздік туралы құбылып ән,

Туымыз да түспесін тұғырынан!

Теңдессіз, Азат елдің төл Порталы,

Тек жақсылық тіледім ғұмырыңа! 

 

Құрметпен: Салтанат!



Бөлісу: