Бешбармақ шоу!!!Ұлттық тағамды ұлықтаймын деп...

Бешбармақ шоу!!!Ұлттық тағамды ұлықтаймын деп...
жеке
блог

Бүгін КТК-ны қосып қалсам БЕШБАРМАҚ ШОУ болып жатыр екен,орта тұсына келіп қалыпты.Нұрлан Абдуллин мен Жанар Айжанова жүргізетін бұл бағдарламаны көріп сүйсіндім,бұрынырақ та көріп жүретінмін.Бұл бағдарламада сөз болатыны тек қазақтың "ЕТ" немесе "ҚАЗАҚША ЕТ" тағамы.Және қосымша жарнамада орбиттің орнын басқан мезим дәрісі))).Бағдарламаны  неге БЕШБАРМАҚ деп атады,неге БЕСБАРМАҚ емес деп ойлап,біраз іздендім.БЕШБАРМАҚ деген қырғыздардың да бас тағамының атауы көрінеді,БЕШБАРМАҚ "ҚАЗАҚША ЕТТІҢ" бұрмаланған атауы.оны өзге ел әсіресе орыс мемлекетінің сонау отаршылық заманында ет тағамын кемсітіп,бес саусағымен жейді деп,бесбармақ деп атап кеткені жайлы википедияда айтылыпты.. Ұлттың ұлылығын жоғалтпауын көксеп өткен Бауыржан Момышұлы атамыз да көзі тірісінде «бешбармақ» деген сөздің қазақты масқаралау мақсатында шыққанын ашына айтып кеткен екен.Ал қазақтар қонағына тартқан етті ешқашан бұлай атамаған екен.Ал бұл шоуда қонақтарға бешбармақты сый табақ деп тартып жатыр.Қалай ойлайсыз,БЕШбармақ па?БЕСбармақ па?Әлде ҚАЗАҚША ЕТ ПЕ?