Ақын. Рух. Өлең

Ақын. Рух. Өлең
жеке
блог

Ақын. Рух. Өлең

Осы үш сөз,білмеймін бір ойдың түкпіріңе тамыр болып жайылғандай,айырылмас ұғымдай болып көрінеді де тұрады.Осы сөздерді бір – бірінен ажыратсам немесе  орындарынан алып тастасам бір –бірінсіз өмір сүре алмайтын сөз,ажырата алмайтын негіздей егізденіп кеткен ұғым іспеттес.

Ақын – бұл деген сегіз қырлы,бір сырлы жан –жақты ойлы әріден ойлайтын адамдардан ойының ірілігімен ерекше ұлы тұлға,Мұқағали атамыз айтпақшы ақын деген бірде қарт,бірде сәби.Ақынның біз түсіне бермейтін өзі жасап алған қиялды әлемі бар,сол әлемде самғап жүрген құс секілді,шолушы бағдарлаушы тұлға.


 Ал,рух –ақынның өз қиялды әлемінен алған сарқылмас күш жігер.Еңсесін түсірмейтін күшті қолына ұстатып өлең жаздырған,отты тіліне ыстық күшті құйып өлең тудыратын бітпес жалынды дүлей күш.

 

Өлең – ақынның бойынан рухты күш арқылы келетін бір белгісіз тылсымда түсініксіз сәуле секілді үнемі жарқырап  тұрады.Құйылған сәуледей жарық,мөлдір өлеңдер ақын ойыннан шығатын бір тасқынды лава сияқты үнемі жарылу үстінде жаңару үстінде болады.Нұрын ақын бойына шашып сәуле арқылы өлең тудыратын сөз сиқыры.


 

Өз ойыннан күш алатын,қиялды әлемінен отты ой, қолына қалам алғызып өлең жазғызатын күштер бізде көп болғай.

Ал сіз қандай ойлы күш иесісіз???