Биледім

Өзім би десе бір иығым кетіп тұратын адаммын. Өткенде массагеттің кездесуіне барғанда биді шашар едім, ортаны бермей.

Музыканы барынша қойдым да биледім. Билеп жатып бәрін-бәрін ойлай бастадым. Ашуланғанда қатты секіріп, жұлқынып, кішкене сабырға келгенде шығыс биіне көштім. Жан-жағымды елеген жоқпын. Би әлемінің құшағында болдым. Бар эмоциямды, бойымда жиналып қалған негативті бимен шығардым. Өшімді биден алғандай болдым. Қаншадан бері қатып қалған буындарым, арасына тұз жиналып қалған сүйектерім қозғалысқа келіп қалды. Сол буындардың, бұлшықеттердің арасындағы қажет емес, денемді дел-сал қылатын нәрселер түк қалмай сыртқа термен шықты-ау шамасы. Мен билеп жатырмын- яғни менде бәрі жақсы. Аллаға шүкір. Міне тамаша, стрессті қолымен алып тастағандай!!!



Бөлісу: