Батыс тәрбиесі...

Еліміздегі жастар арасындағы келеңсіздіктерді "Батыстың беріп жатқан тәрбиесі"деп жатамыз. Негізінде олай емес. Сол келеңсіздіктердің алдын ала алмай отырған өзіміз кінәліміз. Санасында жақсы мен жаманды ажырата алатын ақпараты бар әрбір жас буын жамандыққа ұрынбаса керек-ті. Ал ол ақпаратты беріп отыру тікелей ата-ананың міндеті. Тәрбие беру дегеніңіз теледидарға, интернетке шек қойып, бір бөлмеге қамап қою емес. Керісінше сол теледидар мен интернеттен ақ пен қараны ажыратып, керегін алып керек емесін көзге ілмейтіндей дәрежеге жеткізу. Тағы бір айта кететін нәрсе құр сөзбен тәрбие берілмейтіні. Балаға тәрбие беру ,алдымен өзін тәрбиелеуден басталады. Балаға үлгі көрсете білу керек. Сіз балаңызға не нәрседен қашық болуы жайлы, не нәрсеге асық болуы жайлы айтуыңыз арқылы "антивирус"орнатасыз. Ол антивирус балаңызды бұзатын кез-келген ақпараттан қорғайды. Сіз өзіңіз де дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеп, балаңызға үлгі болу арқылы сол "антивирустың"мерзімін ұзартасыз! Сондықтан "Батыстың беріп жатқан тәрбиесі" деген түсініктен арылып, өзіміз беріп жатқан тәрбие туралы ойланайық! "Батысты"өз пайдамызға жаратуға әбден болады!



Бөлісу: