ШОУ БИЗНЕС

ШОУ БИЗНЕС
жеке
блог

Астананың туған күніне орай Nicole Scherzinger, Jay Sean сынды жұлдыздар арнайы қонақ болды. Кеше  франциялық ару Патрисия Каас Астанада концерт өткізді. Бұл жай ғана жарнама болып көрінуі мүмкін, ал мән берген адамға бұл үлкен проблема. Әрине, қуанышымызға ортақтасып, келіп ән шырқаған дұрыс қой. Алайда, өзіміздің шоу бизнесіміз енді дамып жатқанда, шет елден жұлдыз шақыруымыз қалай? Анау келеді, мынау келеді деп концертке шақыру, сол жұлдыздарды насихаттау емес пе?  «Неге өзіміздің әншілерді насихаттамасқа?»,-  деген сұрақ туындайды.  Осыған байланысты шағын сауалнама жүргіздім. Сондағы 53,5%-ы шоу бизнес бар, 29,3%-ы жоқ десе, 17,2%-ы білмеймін депті. Бұл қалай, білмегені қалай? Арайлым Мадыхан  атты қыздың «бар деуге де болады, бірақ әлі үлкен дәрежеге жете қойған жоқ»,-деп пікірін жаза отырып, «ЖОҚ»  деп жауап бергеніне жол болсын.  Кейбіреулер «теле-радиоларда насихат жетіспейді» деп пікір қалдырып жатты.Еліміздегі шоу бизнес  той бизнестің шырмауында жатқаны өтірік емес. Алайда, көпке топырақ шашпаймыз. «Сағындырған әндер-ай», «Алматы – іңкәрім менің», «Шәмші әндерінің ән кеші» сынды жобалардың өзі неге тұрады. Бізде құлақ құрышын қандыратын ән де бар, әнші де бар. Әсіресе, бізде лирикалық  әндер көп. Жастар , оның ішінде орыс тілді жастар Шәмшінің,Кеңес Дүйсекеевтің әндерін  тыңдамайды. Бізде «нормальный» ән жоқ деп шет ел әндеріне құмарта беруге де болмас. Шыны керек, батыстың сарынындағы  әуендер бізде де бар, тыңдаймын деушілерге.  Джаз, рок стиліндегі әндерді тыңдағыңыз келсе Динара Сұлтан, Асем сынды әншілердің шығармаларын тыңдауға кеңес беремін. Тек бір тілек, шет ел әуендеріне әуес болмаңыздаршы.