"Еркіндіктер" қаласына қош келдіңіз! Өзіңізді емін-еркін сезініңіз!!

"Еркіндіктер" қаласына қош келдіңіз! Өзіңізді емін-еркін сезініңіз!!
жеке
блог

Шет елдегі өмір...

Қызық, біреу шет елге демалуға, оқуға кетсе қызыға да тамсана қараймыз. Шет ел кімді болсын қызықтырмай қоймайды. Жай демалу үшін болсын, мейлі оқу не басқа да мақсатта болсын. Расында шет елдегілер қалай өмір сүріп жатыр? Біздікі немен ерекшелінеді! Ол жақта бәрі керемет, бізде жаман ба? Шет елге несімен адамдарды тартады?! Міне, бәрін де толғандыратын да, ойландыратын да осы сұрақтар. Өзімнің түйген ойларымды жаздым, бәлкім осы жазбадан дәл осы толғандыратын сұрақтарға жауап таба аларсыздар. 

Бұрындары шет елге бару тұрмақ, мына тұрған Алматы мен Астананы көру арман еді. Қазірде ақшаң болса болды Еуропаның, Азияның кез-келген еліне оп-оңай саяхат жасап, дем алып, өзіңе рухани азық жинап, таным-түсінігіңді кеңейіп өзге ұлттар, елдер, адамдар жайлы түсінік қалыптастыруыңа болады. Өзге елде дем алсаң, не сонда оқитын болсаң сол өңірдің салт-дәстүрін, санасын, адамдарының көзқарастарын, дінін, тілін бәрін біле, меңгере бастайсың. Мен де біраз зерттеулер жасадым.

Амстердам - Нидерландтың ең ірі қаласы, әрі астанасы. Қала аты Амстел өзенінің бойында орналасқанына бөгенге қатысты аталған. Қала негізі 12 ғасырда кішкене балық аулаушылар елді-мекені ретінде пайда болып, бүгінгі таңда 172 ұлттарды қамтитын 743,104 тұрғыны бар Нидерландтың ірі қаласы (қала маңы тұрғындарымен қоса - 1.5 млн). Нидерланд Алтын дәуірі кезінде Әлемнің ірі сауда кемежайы, қаржы және гауһар орталығы болған.

Шинхон әуежайы

Ұшақпен ұшып келген соң сөз жоқ, ең бірінші әуежайға назар аударасың. Шипхол –әлемдегі атақты әрі үлкен әуежайлардың бірі. Бір ерекшелігі бұл әуежай емес құдды бір үлкен әмбебап ғимарат секілді. Дәл осы әуежайда кітапхана, құлшылық ететін бөлім, қайтыс болған адамдарды жерлейтін "морг" және кәдімгі неке қиятын орын да бар. Адамдарға барлық жағдай жасалған десе де болады. Мұнда кез-келген бағыттағы поездға, ұшаққа билетті арнайы электронды терминал арқылы алуға болады. Кезек күтіп қиналмайтыны жақсы-ақ, тек техниканың тілін білсең))) Қиналсаң да касса жоқ)) Өз басым 1 сағаттай тұрып билетті әрең алдым. Әуежайдан Амстердамға дейін поездбен 10-15 минутта жетеді екенсің. 

Әрине, әркімге қаланың көрікті жерлерін аралау, адамдарының тұрмыс-тіршілігімен танысу қызық-ақ. Ертесіне оқу орнымен ыңғайластырып алған соң қаланы аралауға шықтым. Бейтаныс қаланың қандай екенің білу үшін бар болғаны 1 күн қажет екен. 

Бір таңқалатын жайт мұндағы үйлер "сваядан" тұрғызылған. Яғни суға төзімді қадалар қойылып соның үстіне ғимараттар орналасқан десе болады. Жерінің көп бөлігін су алып жатыр. Канал және Амтел өзені бар. Үйлердің конструкциялары да ерекше. Терезе жақтаулары да жердің тарлығына сәйкес жасалынған. Барлық ғимараттардың констукциялары біртектес боп келеді. Себебі жер тар. Жер тарлығынан халық тіпті кәдімгі кемелерде өмір сүріп жатыр. Кейбірінің тұрғылықты жері ретінде катерінің мекен-жайы көрсетілген. Халықтан қарағанда "екі аяқты көліктер" көп. Тіпті велисипед қоятын тұрақ та бар. Сол көлікті жалға да алуға болады. Жергілікті халық көбінесе велисипедпен жүреді. Қалалар арасына қатынайтын трамвайлар да бар. Біздікінен қарағанда әлдеқайда жақсырақ. Тағы бір айта кететін жағдай кейбір үйлер, ғимараттар дәл судың үстінде орналасқан. Мына суреттерді қарасаңыз көресіз: 

Үйлер

Көшелерінде

Көптеген туристер Амстердамды "күнәһарлар" қаласы дейді. Негізі "күнәһарлар емес" "еркіндіктер" қаласы. Ал еркіндікте күнәға оп-оңай батуға болады. Олай дейтінім бұл қалада, жалпы елде заңмен рұқсат етілген кейбір "күнәлар" бар. Бұл қалада есірткі тектес заттарды сату, қолдану заңмен рұқсат етілген. "Түнгі көбелектерді" бір түнге сатып, көрмеге қойылатын, әрі оны кәдімгі заңды жұмыс ретінде қабылдайтын бірден-бір орда. Тіпті олардың құқығын қорғайтын ұйымдарының терезесі тұп-тура шіркеуге қарап тұр. Дінге қатты берілмесе де, өздерінің наным-сенімдері, салттары бартұғын.

Көшелері

 

Кала

Дукен

Қала туралы, осындағы студенттердің өмірі жайлы әлі тағы жазармын. Әзірге осы...

Псы: мейлі қандай болсын, мен Амстердамға ғашық боп қалдым. Бірақ, бәрібір туған жерге жетпейді екен. Ал Қазақстан мен Нидерланды несімен ұқсас десе айтар ем біртұтастығымен, мызғымас татулығымен. Ал шет елге бір мақсатпен келдім, сол мақсатыма жетіп бәрібір Отаныма қайтып ораламын. Кей нәрселерді жазуға ұмытып кетсем кешірерсіздер, келесі жолы толықтырармын)))