Есте қаларлықтай күн бе?

Есте қаларлықтай күн бе?
жеке
блог

Бүгінгі күн есте қаларлықтай күн болмады.Сонда да не болғанын айтып берейін.Сабаққа кешікпей келдім,бүгін де балалар аз,президент күніне демалыс берген соң сол сәтті пайдаланып пысықтар деканаттан  сұранып кетіпті.Ал біз болсақ,әййй қайдам  1 семестрді бітіріп бірақ барамыз-ау туған жерімізге...Ағылшын тілі сабағын бәріміз орындамай келіппіз,1 сағат үзіліс болған кезде 3 қыз болып тапсырмаларды қағазға шығарып келу үшін ФИТ корпусына барған болатынбыз.Сөйтссееем мен үйге берген тапсырмаларды емес,орындалып қойғандарды шығарыппын.Жарайды,енді тамақтанып алайық деп сол корпустың асханасына бардық.Өзіміздің асхананы менсінбей жүрген едік,айналайын-ауууу қолда бардың қадірі жоқ екен ғоййй...Бұл асхананы сырттай керемет деп ойлаушы едім,сыртына қарап тон пішуге болмайтынын ұмытып кетіппін.Қызмет көрсетуінен бастап,тамағына дейін ұнамады,бағасы удай...Ойындағы бағасын айтып,алсаң ал,алмасаң қой дейтін асханадағыларға таң қаламын, студенттердің жағдайын біле отырып дүкендегіден де қымбат қылып сататынын түсінбеймін.Студенттерді бай халық дей ме,бай болайық әрине,бірақ күнделікті ақшамызды үнемдейміз деп ыстық тамақты емес қуырылған,тез дайындалған тағамдарды жейміз.Асқазаннан асқазан қалмайтын болды ғоййй,десерт деп қойғандары кіп-кішкентай ғана тәттілер.Амал жоқ,аласың,неге өзім үйден дайындап келе салмадым деп өкінесің жеп болған соң...Жә,шағымдана бермейін,мұңымды шаққанменен мұнымды асханадағылар біліп қоймасын( аш қалғым келмейді).

...Ағылшын тілі де өтіп кетті,алғашқы кездері тез өтсе екен деп жүрген сабағымыз қазір шынымен де тез өтіп кететінді шығарыпты.Жан-жақтан «Ай хав», «кан ю драйв э ка» т.б айтып апайдың күнде миын ашытамыз.Мұғалім өзімізге қатты ұнайды.Ұлты татар-ау деймін шамасы,қазақша сөйлейді,бір ғажабы күйеуі қазақ...

...Дінтану.Дінді танып жатырмыз,кееееееееештетіп болсын оқып жатырмыз.Мектепте 9 сыныпта қосымша сабақ болып енген болатын,1-2 рет бардық та қолды бір сілтеп ол сабаққа кірмейтінбіз.Айтатыны ағайдың «секталар көбейіп кетті», «заман өзгеріп кетті»,себебі ол ағай тарих пәнінен сабақ беретін...

... Қоңырау!Қайту-қайту,үйге  қайтамыз!

Бірақ та ,мен үйге қалай барамын,құжатымды жоғалтып алдым,қайда қалғаны белгісіз.Ол болмаса мен ақша ала алмаймын,университетке кіре алмаймын.Қалай жоғалтқанымды қайдам,есіме түсіре алмай әлекпін.Көкейімде  бір ғана ой тұр,жамандықты ойлағым келмейді,тек «бір иманды адам тауып алса қайтарып береді ғой» деген ой келеді.Сәтін салса ол да табылып қалар...

Сабақ деп қарбаласып жүргенде тамаша табиғатқа қарай алмаппыз ғой.Аппақ қар жер бетін тұмшалап алыпты,кешегі жаңбырлы күндерден соң аппақ қарлар  күздің соңғы күніне нүкте қойған сияқты...

...Міне,биылғы күздің соңғы күні осылай өтті.Күзге рахметімді айтамын.Сен маған көптеген қуаныштар сыйладың,жаңа адамдармен қауыштырдың,жетістіктерге жеткіздің,қызықты күндерді сыйладың,сен маған жабырқау сәттерден гөрі жан жадыратар шуақты сәттер сыйладың деп айта аламын...

...Күздің соңғы күні есте қаларлықтай болды ма ,жоқ па білмей қалдым ғой мына жазғандарымды көріп.Ал биылғы күздің соңғы күні сіздерде қалай өтті?