Сүйгеніңіз сезімін дәлелдеді ме?!

Сүйгеніңіз сезімін дәлелдеді ме?!
жеке
блог

Жар мен махаббатты мен бұрын аса бағаламайтынмын... Ақымақ басым, Алланың берген мейірлі мінезі мен жұмсақтығыммен бәрін жеңетініне сенетін... 

Есею деген жақсы нәрсе шығар, бірақ балалық бұзықтығын аңсамайтындар аз... Отбасына тәуелсіз ұл көп көрсеңіз, егемендіктің іргесін қалаған қыздардың бірі өзім секілдімін. Менде шешеге беретін жауап, әкеден алатын рұхсат болған емес... "Әй",-дейтін әже мен қожа жоқ өміріме қожайын іздейтін сәттерім де сирек болмаған. Егесіз болсам да есімнен танып, көрінгенге көнбіс, берілгенге бейілсігенім шамалы... Махаббаттан үздігіп, үзілердей болған, бесіктен белі шықпаған қыздарды көргенде іштей: "Анаңның ақ махаббаты аздық етіп, әкеңсіз сезимі тақияңа тар болды ма екен?!"-дейтінмін... Бірақ МАХАББАТты ҰЛЫ дейді ғой ел... Ұлылықты ҰЛЫ Алла ұлыларға бұйыртар деп жылы жабатынмын...

Пенде екенмін... Біреу алдыма сезімін құшақтай келсе, "дәлелдеп алыңызшы",-дейтінмін кідірместен... Алдыма тосар құшақ-құшақ гүл мен сыйлық па сұрағаным?! Адам жүрегін қолына алып:"міне көрші",-демейтін болар... Жоқ, не сандырақтап кеттің дейді іштегі "адамым"... Айтшы, онда ол саған нені, қалай дәлелдеуі керек?! Тағы да іштегі үн:"Өзі тауып алсын керек болса..."

Жан дүниемнің тазалығын ластатпаған осы сөзге бүгін қарыз да секілдімін... Есейе келе ұққаным, адам ақылы мен жүрегін жоғалтудан қорқуға міндетті емес... Себебі өмір оны кімнің қолына ұсынарыңды өзі ДӘЛЕЛДЕП береді екен...

Дегенмен адам ақылдың құлы емес пе?! Ақылы жеткендер өз сезімдерін шама-шарқы жеткенше дәлелдеп жатады...

Есіңізде ме, сізге сезімін "дәлелдеген" сол бір жан? Дәлелдеу деген қандай екен?!