Кешір қала, ауылымды сағындым...

Жұмыста жаңа жылға акциялар жасаймыз деп ауылға деген сағынышымды оятып алдым ғой...

Студент атанғалы әр жаңа жылды асыға күтетін ем, ауылға бару үшін... Біз оқып жүрген кезде Политехта сабақ кеш бітетін, тура 31 күні немесе 30 күні экзамен болатын еді, "ауылға экзамен біткесін де барасың" деген ағаларымның сөзін тыңдамай асығушы ем...

Әке-шешем де мені асыға күтетін, олар менсіз жетімсіреп қалатындай көрінетін... Үйге қалтамдағы соңғы тиыныма шейін тәттілер алатын ем, үйде мамам папам үшеуміз ғана болсақ та көп нәрсе сатып алатынмын. Мамам мен қаладан шығам деген кезде зондап "Айкош, ештеме алма біз бәрін алып қойдық, сен өзің келсең болды" дейтін. Бәрібір тәттілер алатынмын жолдан, әр жыл сайын ата-анама сыйлық алып, атқыштар алатын ем інім мен сіңіліме (папамның інісінің балалары). Қайтар жолымды, алматыда ақша жетіспей қиналатынымды бәрін үйге кетіп бара жатқан кезде ұмытатынмын...

Бір жылы бізге 31 күніне экзамен қойып қойды, ал бізге такси  тек таңертең жүретін ол кезде. Әпкемді екеуміз саяхатқа бардық. Ауылдың таксиіне "мен қазір 9 ға шейін барып экзамен тапсырып келем, сіз мені тоса тұрыңыздар" деп әпкемді тастадым да кетіп қалдым. Экзамен кеш басталып, мен 10 дарға жуық келдім. Таксист ашуланса да мені күтіп отыр екен. Әпкем ауылға бармайтын болған, маған қызығып ол да ауылға кетіп қалды. 

Ауылға бара жатқан кездегі сезімді жеткізе алмаймын. Сондай бақытты, қуанышта болатынмын. Ата-анамды ғана емес мен ауылымды, ауылдағы үйді сағынатымын. Достарыммен қыдырып, ауылдың далада өткен Жаңа жылдық кешін ұнатушы ем... 

Ауылға себепсіз бара алмай қалудан қатты қорқатынмын.... Папамдар көшіп келгелі ауылға бармадым ((( 2 жыл ауылға бармадым (((( Сағынышымды жеткізу мүмкін емес... 

Ал ауылдың жаңа жылы ерекше еді... Кешір қала, ауылымды сағындым........... 



Бөлісу: