Бай болам десең...

   Ойланып отырсам, үйде қой сойып, басын асқан кезде, басын сыйлы кісіге тарту етеді я болмаса, өз шаңырағында үйдегі үлкен кісі басты қолға алады. Басты алып, балаларға таңдайын ырымдап, жезтаңдай әнші болсын деген ниетпен біреуіне ұстатады. Ал, құлақты ақылды болсын, жақсы жаңалықтан хабардар болсын деп береді. Сирақты да жүрісті болсын, аяғы шалынбасын деп береді. Негізінде мұның еті аз, сәл дәмсіздеу болғаны үшін үлкендер жемейді. Босқа қалмасын деп, ырымдап бергені болар. Нанның қоқымын да жерге тастамай «бай боласың» деп жегізеді. Нанның қоқымын(қиқымын) жеп, бай болып кетпеспіз әрине. Бұл да ысырапқа жол бермей, нанның құдіреттілігін қастерлегеннен болар бәлкім...

  Қазақ халқы өте дана халық екенін, осыдан да аңғартуымызға болады.



Бөлісу: