Түс деген...

Бүгін ғажап  түс көрдім,

Түсімде қызық  іс көрдім...

Күні  бойы в ШОКе  болдым.Жанымдағы Светаға айтып едім,екеуміз тоқтай алмай тырқылдап күліп алдық.Ай,өмір-ай десеңізші! Жер дөңгелек деген рас екен-ау!Осыны жазбайын деген едім,жазбасыма болмады...

  Түсімде өмірімде бір рет болсын көрмеген,ол жайлы естімеген бір адамды көрдім.Маған звондап,амандықтан соң Жалғас Ертай екендігін айтып, өзінің түр әлпетін,дене-бітімін,жалпы поршынын сипаттап жатыр. «Бетім толық,қарным үлкен,мойнымда галустігім бар» дейді.Түстен қалған сөздер осы ғана,шын айтам. Алла-ай,сенер сенбесімді білмей таңертең абдырап тұрып,әлі  ұйықтап жатқан жоқпын ба деп өзімді шымшылай бастадым,өзімді де аямаппын ғой,жаныма батқан соң өңім екеніне көзім  жетті.Осындай да болады екен-ау,иә?Әдетте,күні бойы кімді ойласаң  сол түсіңе кіреді дейді ғой,мен ойламадым да. Әлде мен әлі ұйқылымын ба? Жалпы,осындай адам бар ма? Инеттен іздеп таптым,шатаспасам  ол да блогер ғой деймін. Қай сандырақтан менің түсіме адасып  жүр екен? Мені оятып жіберіңіздерші...



Бөлісу: