Массагет - "Масса" қыздар әлемі... #13

Массагет - "Масса" қыздар әлемі... #13
жеке
блог

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, достар!

Қал-жағдайларыңыз жақсы ма?
 
Қалаңызға қар жауып, ғажайып бір көңіл-күйде жүрген боларсыз?
Онда сол көңілді нотада келесі суреттер топтамасын асықпай бірге тамашалап тастайық.
Достар, әр суретке өзіне лайық деп тапқан бір-бір атауын беріп отырайық.
Ең көп лайк жинаған "атау" сол суреттің еншісіне берілсін.
Кеттік, алееей хоооп :)







 


Өткенде бір мен де елден қалмайын деп "Пата аппарат (фотоафарат)" сатып алғам ғо.
Қол бос, Алматыдааа жүргем. Көштің басын Массагеттік қыздардан бастайын дедім да, описына кіріп шыққам...
Сүйтсем анау суреттердегі "симпатиииишни" қыздардың шынайы бейнесі төмендегідей боп шықты...

Ағеріке

Менің көзімше осы Массагеттік қыздар соңғы кезде "быттиып азып" бара жатқан сияқты...
Ақеркенің түрі мынау...
Ал, Анаркаға не жоқ десеңізші...

Анарка

Бұл екеуін қойшы...
Мен Мейіргүлді көріп жаным қатты ашып кетті...
Мейіргүл-ай, Мейіргүл... Эхх. Мейіргүл... Сенен күтпедім ((((

Мика

Қарлыға деген қыз да жүр екен...

"ш" әріпінсіз Қарлыға

Мынадай көріністерді көріп ап "түңіліп" көшеге шығып, безіп кеттім...
Құрысын, зытып келем, зытып келем...
Бір қарасам тротуардың бойында маған қарсы Айжан келе жатыр... Кәдімгі Айжан...
"На память" суретке түскенбіз ғой...

Айжан

Ішімнен "қыздарға не болған?" деп қоям...
Келе жатырмын, келе жатырмын...
Сонымен не керек, осы арадағы ескі танысым, осы ауылдың қызы Рауананың көріп қалдым. Бір саябақтың ішінде өзінше "фотосессия" ұйымдастырып жатыр екен... Бір суретін мен де жырқ еткіздім...

Рауана Сол саябақтан шыға бергенім сол еді, кенет анандай жерде шалғын көк шөпке жатып ап, бір қыз маған қарап "Кам он, Кам он" деп қояды... Анықтаааап қарасам Жанның саясы деген қыз.. Ия, осында жүреді ол да...

Тәәәк, дедім де әлгі саябақтан шығып "дәлші" тартып отырдым...
Сол баяғы көшенің бойымен келе жатырмын, келе жатырмын...




------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Түс ауасы. Күн қызып тұр. Басымнан күн өтіп бара жатқан сияқты.
Алматыда не көп бутик көп. Біреуіне кіре салдым. Бір кепка ала салайын деп.
Ішінде бір қыз жүрген, "жыртың-жыртың" етіп. "Түріңіз таныс, түріңіз таныс" деген күйі кім екенін таба алмай кеттім...
Бір жерден көрген сияқтымын...

Әбеттің кезі болатын. Кенет аспан күркіреп, лезде, бірнеше секундтың ішінде айнала қап-қараңғы боп кетті.
Елдің бәрінде зәре жоқ. Мен жүрмін сасқалақтап... Содан аспаннан бірдеңе көріне бастады.

Бір дауыс шықты. "Шиииқ" деген. Құдды бір фильм сияқты.
"Духым" давно такси ұстап кетіп қалған, ал мен болсам әппақ боп бозарып кеткем.
Не керек жаңағы жерге аспаннан кәдімгі "ұшатын тәрілкі" кеп қонды ғой. Біттік деп ойладым...
Ал, енді не істеу керек.
Бір кезде ішінен "бөгдепланеталықтар шығып келе жатыр ғой.
Дүн-дүдүн-дүдүн... Ді-ді-ді-дііііі, ді-ді...
Бірінші боп әшки таққан біреу түсті... Патапаратыма барынша жырқылдатып түсіріп жатырмын...


Түрлері таныс сияқты маааа?
Әйтеуір ес жиятын уақыт жоқ. Жаңағылар өздері көп екен. түсіп жатыр, түсіп жатыр. Түрлерін-ааай...

 

              
     
     
 







Құдайым-ау ішінен мына қызды дәл таныдым... Түрі келіңкірейтін сияқты мааа? Опшым Сәнияға ұқсаттым, туысы ау дедім...







"Енді не болады, енді не болады" деп қалдым. Ойымда тек қашу...
Құрысын, бұл НЛО-лардан пайда жоқ дедім де қаааааштым.




Енді Алматыға келген соң таныстарыма зуандайын дедім да. Сосын бір кафеде кездесетін болдық.
Ешқайсысын бұрын өмірде кездестірмеген мен үшін кездесу қызық боп тұр енді...
Ендігі жердегі менің қалай таңқалғанымды көрсеңіз... Массагеттің жігіті де, қызы да біз ойлаған красафчик, красафчица емес екен...
Кафеге кіре берісте Ардақты жолықтырып қалдым. Ананы мынаны әңгіме қылып тұрдық...
Ардақтың түрі мынау...

Маған еще күліп қояды ғой, көзің қысық деп. Ееее дедім ғой.
Ішімнен "Интернеттегі барлық суреттерінде көзін аааашып түсіп жүр екен ғооо" дедім...






Оны қоя берші мына танысымды бірінші рет "вживую" көріп ващще шок болдым...

Иии, Құдай-ау, мына қыз әлгі миллион жігіт-жүректің әміршісі, красавитса Айнара ғоооой.
Өмір не боп кеткен?
"Бәрің де гамбургер жей бергенше, кішкене бір уақыт ет асып, бешбармақ асамайсыңдар ма?" дедім... Ияя....



Артынан Ғазиза келді...





Көп кешікпей қонақтар легі біз отырған кафеге ауа бастады...

               
       
       
         
       









Қазына дейтін "кластасымды" көріп бір мәз боп қалдым...






Кездесу қызыыыық боп жатыр енді.
Кафенің іші... Кешкі уақыт... Бір кезде көп күттірген, кештің құтты қонағы есікті жұлқып кіріп келді.
Өзіміздің Мақпал...

((( Өкінішке қарай Мақпал да баяғы қыздардың синдромы... "Быыыыттиып азып" кетіпті...






Қыздардың ішінен бір қыз көп ішіп қойды ау деймін..))) Бір қарасам мына қыз дуал (ҚАБЫРҒА) құшақтап "обоймен" әңгімелесіп жүр ғой...)))
 





Оооо, бір кезде сәл кешігіп менің дан, жан, сән падрушкаларым құшақтасып кіріп келді.
Кім дейсіздер ғой? Әрине МЕРЕЙ мен ЭЛЬВИРА. Кішкене қызыңқырап алған сияқты...






Мен ішпеуші ем, негізі...
Мынанша досты көріп қалайша ішпейсің? Тем более бәрі сен үшін келіп отырса?
Дереу афицантты шақырып сәләркі (солярка) заказ бердім. Достарым "неге, неге?" дейді.
Айттым: "Мынандай тілектер айтылып жатыр, мынандай отырыс керемет, мынандай қыздар. Сендер үшін сәрәлкі ішсем де артықтық етпес",- деп.

Не керек сәрәлкі табылмады. Бірақ іштік. Бірінші рет болғасын ба көзім бұлдырап жан-жағым әдемілене бастады...
Мынандай көріністер көріне бастады...

 
 





Миым дуылдап, басым айналып отыр. Бірақ көңіл күй жақсы...)))
Кеш бір өте көңілді өтті. Бәрі ырза. Бұлай отырмағанына біраз болғандарын айтып ағынан жарылып жатыр. Тілекті аямай айттық.
Түнгі бірлерде бәріміз сыртқы шықтық. Сосын "түнгі Алматыны" біраз араладық...
Абай бір жылап алды... Неге екенін сол күйі ешкімге айтпады бірақ...)


Ияяя, Алматыдағы бір күнім осылай өрбіді...
Сомен сол.
Көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Осындай көңілді кештерде кездесе берейік...