Сүйінші! Қуанышты хабар!

Сүйінші! Қуанышты хабар!
жеке
блог

Сәлем, "Массагет"!

 

Көптен күткен қуанышты жаңалығымыз бар. Сіздермен бөліскіміз келіп отыр. "Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің бес жылдық шығармашылық жұмысының жемісі - алғашқы бейнебаяны жарық көрді!!!

"Тұран" тобының құрамы: Абзал Арықбаев, Ержігіт Әлиев, Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбет.

Бейнебаян "KS production" продюсерлік орталығының қолдауымен "Ер Тұран" композициясына түсірілді. Сөзі - Исраил Сапарбаев, музыкасы - "Тұран" ансамблі. 

Бейнебаян идеясының авторлары мен режиссерлары - "ImaTum production". 

Басты рөлде - Досжан Табылды - "Астана опера" Мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, "Дарын" Мемлекеттік Жастар сыйлығының, "Тарлан" сыйлығының иегері, көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясы студенттеріне алғысымыз шексіз!

Көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз!