АЛАЯҚТАРДЫҢ МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....

АЛАЯҚТАРДЫҢ  МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....
жеке
блог

Кеш түсті... Ақпан айы...Жанарға кенеттен күн суып кеткендей болды, мүмкін бұл басқа қаланың суықтығы ма, жоооқ Шымкентті жылы қала дейді ғой... Бірақта жүрегін бір нәрсе мазалай берді, сүйіктісін сағынды ма, әлде сүйіктісі телефонына жауап бермегендіктен бе, әйтеуір жүрегі тыпыршықтап қоймады. Міне поездғада отырды, бірақ Жандос телефонын көтерер емес, не болды бұл? жайшылық па?? деген ойлар маза бермеді Жанардың жүрегін, өйткені Жандос сағат сайын қоңырау шалатын, болмаса Жанар телефон соққанда міндетті түрде телефонын көтеретін, кеткен жерін де айтып отыратын, босқа уайымдатпайын деп сүйіктісін, өйткені қатты жақсы көреді ғой бір бірін... Поезд қозғалды Жанар әліде телефонымен әлек, осылай отырып сағат 02:00 болғанында байқамай қалды, тағыда қоңырау шалып еді енді телефоны сөндірулі дейді. не болып кетті?мен жоқта ол жақта не болып жатыр?мені неге іздемейді??? Жанар таң атқанша телефонымен алысып, көз ілмеді... Міне  сағат 07:00 болды, ал оның телефоны әліде сөнірулі, өздерінің сүйікті қалаларына да жақындап қалды. Поездан түсті, сол аралықта телефон шалуды доғармады. Үйге жетем дегенше де телефон шалуда... Бір кезде әйтеуір қосылды ау телефоны, тұтқаны ұзақтан соң көтерді, дауысы солыңқы."не болды жаным, саған, түнімен телефоның неге сөндірулі болды? неге үндемейсің? неге көңіл күйін жоқ?" деген сұрақтардың астына алды.

 

Оның жауабы: "Жаным, сен тек абыржымашы, мені түнімен полиция қамауда ұстады, түнім сорақылықпен өтті, бізді қинады(біз дегені қасында тағы досымен қоса ұстапты), қазір денемде сау жер жоқ, машинамды тексеруге алып кетті, ішінен айғақтар табылды дейді, мені көкем шығарып алды"деді. Жанардың көзінің алды қарауытып дым түсінбеді, "Не-не-неге жаным?? не үшін??" деді көзінен жас тамшылап (бірақ бұл көзінен тамған жастың бергісі екенін қайдан білсін...). "Жаным, сен бірақ менен алыстамашы, өтінем, оларға сенбеші, мені "қыз зорладын" дейді, бірақ мен ештеңе істеген жоқпын, оны танымаймында, Ермек больницада менттер қатты ұрғандықтан, оның құлағы естимей жатыр дейді, мен аманмын, сен уайымдамашы, тағы хабарласам" деді: - "Сүйем сен..."дегенше телефон тұтқасы қалт үзілді....

    Жанар ештеме түсінбеді, барлығын түнде поезда көріп жатқан түсіедеі, қазір телефоным шырылдап оянам, Жандос маған хабарласады бәрі жақсы оған ештеме болған жоқ деп өзін жұбатты. телефон соқты тағы ал телефоны сөндірулі, ал келіп егіліп жылады, өз бөлмесінде ешкімге көрсетпеді, анасына сабаққа бармаймын, жолдан шаршадым деді, бөлмесінде жылап жатып ұйықтап кеткенін байқамады....

   Ал, Жандосқа келсек  кеше соңғы рет Жанармен сөйлескеннен кейін анасы бір үйге жұмсап жіберіп еді, қаланың сыртына, Жанардың мазасын алмайын бөтен үйде ғой деп келгесін айтам деген оймен, досын Ермекті ерітіп анасы жұмсаған жерге кетті. Ол жерге барып креек затты алып көшеге түсіп машинамен зуылдап келе жатқанында көшеде бір қыз тұрды такси тоқтатып бірақ жолда бұлардан басқа машина жоқ еді, Жандос жаны ашып, алып кетпек болып тоқтады, қыз қылымсып: "Жігіттер "Западқа" апарып тастайсындар ма" деді, Ермек Жандостың жауабын күтпей "отырыңыз" деді... Жандос пен досы қызды деттеген жеріне апарып тастады, қыз рахметін айтты да, Ермек жол бойын онымен сөлесіп телефон номерінде жазып алған еді, "ақша төлемей ақ қойыңыз " деді мәрттеніп. үйлеріне қарай қайтып, Ермекті үйіне жеткізіп салмақ болып, Ермектің есігінің алдына  жақындағанда арттарынан БОРАН машинасы келіп екеуінің қолын байлап, Боранның машинасына тықты, Жандостың машинасы алып кетті, бір ішіндегі қызметкері Боранның.... 

(Жалғасы бар....)