Қадамың құтты болсын, Массагет!

Сәлем Массагет! Біріншіден, осы жобаны жүзеге асырып, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің жандана беруіне қыруар қызмет көрсеткен Қайыржан бастаған Қыздарик Өздеріңе мың алғыс. Бұл - сәтті қадам болады деп сенемін.Өйткені, көпшіліктің бойындағы күш-қуат, ақыл-парасатты көшелі күшке айналдыру үшін, оларға жетелі жетекші болу Сендердің қолдарыңнан келеді. Оны атынан мың айналып, мың толғанған ОН.КЗ-те дәлелдегенсіздер. Алда да солай болатынына уақыт көзімізді жеткізер, Құдай қаласа. Массагеттің қадамы құтты болып, гүлденіп, нұрлана берсін. Көлденең келіп кеңес айтып, жақсы мен жаманды қосып жіберіп "мипалау" жасайтындардың төбесінен қарап, сөздерінен шабыттанып, шалқая беріңдер! 

Екіншіден, атағы жер жаратын алаштық жұлдыздарым мен  барлық ОН.КЗ-тегі достарыма сағынышты сәлемімді арнаймын. Көңіл-күйлеріңіз мерекелік шығар, жаңа жылдық кештерді бастап та кетіпсіздер. Назеркенің суреттеріне қарап, тағы бір тамсанып, қызығып қалдым. Қыздардың бәрі хас сұлудың өздері. Сол көңіл-күймен, сол қуанышпен жаңа жылды қарсы алып, табыстан табысқа, бақыттан бақытқа жете беріңіздер достар!



Бөлісу: