Студенттен студентке(КЕЗЕКСӨЗ)

Армысыздар массагеттің жақсылары! Кезекті сөзді ұсынған Ұлан Ерболатұлына алғыс білдіре отырып бастаймын... 

Студенттер ЕҢ БАҚЫТТЫ ЖАНДАР! Ақылға тым бай болсам, бүгін айтар сөзге жұпыны болған болар ем... Қателескеніме қуана отырып өз қателігімнің сіздерде қайталанбауын қалаймын... Ендеше, мен неден "қателестім":

ОҚЫҢЫЗ! Кітапхана - үй, кітап - ішер асыңызға айналсын... Әсіресе, алғашқы оқу жылыңызды білімсіз өткермеңіз... Өз салаңыздың бастауын білмей, бел ортасынан түсіну мүмкін емес...

АЛҒАШҚЫ САБАҚТАН БАС ТАРТУҒА БОЛМАЙДЫ!Азанғы асыңыздың қаншалықты қадірі болса, алғашқы сабақты да қалт жібермеуге тырысыңыз! Таңғы ассыз жалғанған түскі астан түңілгендей, келесі сабақ қомағайлығыңыз арта қоймайды. Студент жіберген бір күн жалғасусыз қалмайды... Бүгін бармасаңыз, ертең қалай қалып қойғаныңызды білмей, ақырында әдетке айналдырып алғаныңызды аңдамай қаласыз... 

ІС-ШАРАДАН СЫРТ ҚАЛМАҢЫЗ! Бойыңызда бар өнерді,"уақыт өте көрсетемін ғой",-деп ойламаңыз, ол уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласыз... Басқалар марапатталып жатқанда қызыға қарайтындардың емес, алғыс арқалағандардың қатарынан болыңыз!

ДОСТАРЫҢЫЗДЫ АРТТЫРЫҢЫЗ! Студент деген "жылы" халық... Жымия қарасаңыз жақыныңызға айналады. Көңіліңіз ұнатқан адамды қысылмай қонаққа шақырыңыз, шақырған жерден қалмаңыз... Бас ауып, аяқ басып, қол жетіп, көз көрмеген жерлерге достарыңыз арқылы көз жеткізуіңізге болады. Түнгі серуеннен сырт айналып, күндізгі уақытты қанжығаңызға байласаңыз да жаман емес...

 ПЕССИМИСТТІКТІ ЛАҚТЫРЫП ТАСТАҢЫЗ! Күлгіңіз келсе, күліңіз... Жүгіруді қаласаңыз, жүгіріп алыңыз... Ойлануды жөн көрсеңіз, армандауға тырысыңыз,тек уайымдаудың қажеті жоқ. Жоқтан түңілсеңіз, барларыңызға(ата-ана, дос) арқа сүйеңіз!Қиналсаңыз, тіпті осы қиындықтың айналып келмейтінін ойлап жымиып алыңыз! Бұл қиындықтарға қол жеткізе алмай жүргендер барын ойлаңыз!

"Мынау осының біреуін іске асырмаған ба?!"-деп ойлай көрмеңіз... Менде барлығы бар, тек қанағатсыздықты құшақтайтынымыз жаман ғоой... Ал менен гөрі сізде осылардың мол болғанын қалар ем, "ІЗДЕНІМПАЗ ДОСТАРЫМ"... 

Тап қазір қонақта отыр едім... Асығыс жазба жазған соң, қателіктеріме түсіністікпен қарарсыздар... Асыға жазған жазбамды қолмен табыстағандай етіп БЕРІК СЕРАЛИЕВКЕ ұсынамын...



Бөлісу: