Туған күнім еді....

Туған күнім еді....
жеке
блог

Достар!!!

Бүгін менің туған күнім!!!

Неге мені құттықтамайсыздар?!

Ақ тілектеріңіз бен ақ баталарыңыздан құр қаламын деп ойламаппын,бәлкім бұл күнді ұмытып кеткен шығарсыздар?

Бүгін мен 20-ға келдім!!!Массагет,сенен бақандай он есе үлкен екенмін!

Сонау бір мың да тоғыз жүз тоқсан үшінші жылы он бесінші қарашада Қазақстан Республикасында өмірге келдім.Мен өмірге келгенде қазақтар қатты қуаныпты,әсіресе ел президенті.Міне,сол жылдары аяғын әзер басқан балапандай көрінген едім талайға,ал енді айдаһардай қаһарлы,арыстандай айбатты,тұлпардай жүйрік,қырандай қырағымын!Өткенді еске алсам көзіме жас келеді.Енді ғана еңсесін көтеріп,есін жиып,нығайып келе жатқан тәуелсіз жас мемлекетке төл валюта керек болды.Сонымен не керек,төл теңге-МЕН дәл осы күні,бірақ 20 жыл бұрын қазақстанның тарихына есік ашып келіп,алтын әріппен жазылдым.Менің жүрмейтін жерім жоқ.Менсіз қазақстандықтар күн кеше алмайды,сондықтан мен мәңгі жасаймын!Дағдарыс,мағдарыс деген түк әсер етпейді.Халықтың еңбегінің өтемін дұрыс бағамдап,ел қаржысын дұрыс жолға салып дөңгелете алсам менен асқан бақытты валюта бұл әлемде болмайтын еді.Доллар сияқты әлем кезіп жүрмеймін,мен,яғни теңге тек қазақ елі үшін жаралғанмын!

...Әй,қазақтар-ай,ұрысайын десем жалғызымсың, ұрыспайын десем жалмауызымсың... Сені қатты мақтауға да,даттауға да болмас. Менің туған күнімді бұлай тойлағандарың жарамас-ты...Тіпті 20 жылдығымды.... Ой несіне өкпелейін,тойланбаса тойланбасын... Бір күні өзім асып-тасып жатқанда ұлы тойды жасаймын! Келмегендер қапыда қалады сол сәтте. Ал енді бұл күнді келер жылға дейін тағат таппай күтетін боламын. Бай,қуатты болайық! Бұл Нұртілеу Иманғалиұлының емес, менің, ТЕҢГЕНІҢ сөзі деп біліңіздер!