Қазір қандаймын? (эстафета)

Есіл еркесінен эстафета таяқшасын алдым...

 

 Мен Қарасай ауданы, Қырғауылды аулы, Ушинский атындағы орта мектебінің түлегімін. Мектепте бастауыш сыныпта оқып жүргенімде сынып жетекшім үйге сөздерді оқуға берген. Мен әкеммен дайындалып, оқып барғанмын. Бір кезде сөздерді ежелеп оқып бердім. Әлі есімде ең соңғы сөз «тоқылдақ» сөзі болатын. Сол сөзді оқи алмағаным үшін, бәрі денешынықтыру сабағына кеткенде, мені сыныпқа қамап кеткен.

   Мектепте қорқақтау болатынмын. Көп балалардан жұдырық жеп, әлсіз болдым. Әркімнен соққы алғаннан шаршап, спортпен айналыса бастадым. Кешегі жеңіп жүргендер бүгін жеңілді. Сәл бұзықтау бола бастадым. Оқу үлгерімім де бұрынғыдай емес. Тіптен білетін сабақтарды да ұмытып қалғанмын. Қазақ тілі сабағында мені тұрғызып жеті септікті сұрады. Білемін, бірақ ретімен емес. Ойланып тұр едім, апайым арқамнан ұрып жіберіп еді, ережені ретімен айтып бердім)))

   Қысты күндері қарды умаздап, қатайтып қыздарға лақтыратынмын. Тіпті, кейде өтіп бара жатқан жас мұғалімдерге де лақтыратынмын. Одан қалса, үйіліп, жинаулы тұрған қарға қыздарды көтеріп апарып  лақтыратынбыз. Жынды едік қой)))                        

    Көктемде мектеп алдында жаттығу жасайтынбыз. Әдеттегідей, мен кешігіп келемін. Мұғалімдер мені жүгіртіп немесе ауланың қоқысын жинатқызып қойдыратын. Күнде жинап, жүгіріп шаршағаннан соң, ерте тұратын болдым алайда, қанша ерте тұрсам да бәрі бір кешігетінмін. Кешіккенде мектептін артына барып қыздардан сөмкемді терезеден беріп, өзім түк болмағандай алдымен кіретінмін.

     Сол қатал және ашушаң мінезіммен жоғарғы сыныпқа бардым. Бұл жерде әңгіме басқаша, апай кешіріңіз деген сөз өтпейді. Бірден мектеп инспекторын шақыртады. Содан бастап тыныш жүре бастадым, тіл қатысуды да қысқарта бастадым. Ал, қазір достарыммен жақсы қарым-қатынастамын...

Қолымдағы эстафета таяқшысын Айжан Қасымоваға тапсырдым... 



Бөлісу: