Тіл үшін күрестегі балалар үлесі

    Әдеттегідей университеттен шығып, үйге қайтып бара жатқанмын. Нөмірі 336 шағын автобусқа отырдым. Жолаушылар әр аялдаманың атын атап, тоқтатып түсіп жатты. Бір кезде жолаушылардың бірі  «мектеп» бар деп, тіл қатты (аялдаманың аты - «мектеп»). Қасымда отырған мектеп оқушысы, қасында отырған анасынан:

 - Мама, мектеп деген не? Деп, сұрақ қойды. Сонда шешесі:

  - Мектеп деген «школа» деп жауап қатты.

    Сұмдық-ай... Бүгінгі таңда, өз ана тілі үшін майданға түскен, балалар үлесі қанша? Бұған кім кінәлі? Ата-ана ма? Әлде, күнде қазақша тіл қатысатын достары ма? Тіптен, «школдан келдім», «школға бардым» деген сөздер, ана тілге сіңісіп кеткен бе?  Өзгеге кінә артпай, өзімізден бастайық ағайын...



Бөлісу: