Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Шашылып түскен тіркестер" А.Сүлейменов

"Шашылып түскен тіркестер" А.Сүлейменов

Ақпанның 20 күні, жазушы, әдебиет сыншысы, драматург — Асқар Сүлейменовтың «Болмыспен бетпе — бет» атты кітабымен таныстым. Аталмыш кітапта «Шашылып түскен тіркестер» деген тарау бар. Осы тарауда қанатты сөздер жазылған екен. Солардың бірәзімен бөлісе отырсам.

— От пен түтін, адам мен қылмыс жатырлас.

— Қаланың паспорты — такси мен базар. Мен үшін — такси.

— Ашуға ерік берген адам босанып кеткен қабағанмен бірдей. Онсыз да көп қабағанды бүгінгі күн қарақұрым қылды.

— Өтірікті кешіруге болады, тек ақтауға емес.

— Кей кетіктің тарағы да кетік боп келеді.

— Таранбаған әйелде бір мекиеннің, таранған әйелде екі мекиеннің миы бар.

— Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.

— Ең терең идеялар — қиын идеялар.

— Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.

— Түс — күндіз бұққан ойдың ойыны.

— Жездең таз болса, темір тарақ сыйла.

— Кісілігін жоғалтпаса жауыңның қайсібір иттігін кешіруге де болады.

— Шын режиссура — жүрек сияқты. Соққаны білінбейді.

— Ұяла алмаған адам — өлік.

— Ажал келмейді. Ажалға барасың. Барған бетте аудиенция береді.

— Әйел дәлелдермен емес, сеніммен тіршілік кешеді.

— Достық, ең алдымен, еркіндік.

— Сөз — құлын да, ой — жылқы.

— Ашық айту — анық айту болғанмен, ақиқатты айту емес.

— Сүрінгенін секіргендей көрсете білер бар.

— Қазақтың екі «жауы» бар. Бірі, дос — жауы — Абай. Қалғандары — қас жауы.

— Мінсіз шығарма жазу оңай. Қиыны — ғұмырыңды мінсіз шығармаға айналдыру.

 Қысқаша, жазғанда осылар. Журналистің міндеті инфоны беру. Ал қорытуды оқырманға қалдырамыз :)

11542 9
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 20 ақпан 2012, 23:23
Тегтер: Асқар Сүлейменов, Шашылып түскен тіркестер, Болмыспен бетпе - бет
Пікірлер
+0
20 ақпан 2012, 23:59

"Таранбаған әйелде бір мекиеннің, таранған әйелде екі мекиеннің миы бар." Мына тіркесті бұрын оқығанмын. )) Ал мына тіркес "өтірікті кешіруге болады, тек ақтауға емес" маған ұнады.

+0
21 ақпан 2012, 01:47

мекиен туралы сөйлемнің мағынасын түсінбедім... не ддеген сөз ол?

+0
21 ақпан 2012, 22:21

Мен үшін төменде жауап беріп қойыпты)

+0
21 ақпан 2012, 22:22

Иә, бұл сөз маған да ұнайды)

+0
21 ақпан 2012, 10:48

керемет тұжырымдар. Философия!

+0
21 ақпан 2012, 22:22

Сізбен толықтай келісемін!!!

+0
21 ақпан 2012, 22:26

Жансая, саған эстафета ұсынылды.http://massaget.kz/blog/884

+0
21 ақпан 2012, 20:27

мекиен - курица)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...