Адам болу – ең қиын мамандық

«Мамандықтың оңайы жоқ» дейді емес пе?! Білген сайын, зерттеген сайын қиындай түседі. Ғылым, шіркін, шексіз терең ғой. Жалпы, адам екі нәрседен қателеспеуі керек:  бірі - жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау. Екеуі де сенің өміріңде елеулі орын алады, екеуі де өмір бойына сәттілігіңнің, қуанышыңның кепілі болада десем қателеспес едім. Өз басым мамандық таңдауды 11 сыныпқа дейін ойланбай, әлі «ерте» деп жүре беріппін. Қазір ойлап қарасам, алтын уақытымды өткізіп алыппын. Мамандық таңдауға бас қатырмасам да, әдебиетті сүйетінмін. Кез келген көркем туындыны оқығанда құдды бір әдеби әлемге еніп кеткендей боламын. Сол кездегі оқығандарымды әжептәуір көп деп ойлаушы ем. Сөйтсем, ол тек бір бөлігі ғана. «Білетінім біреу, білмейтінім тоқсан тоғыз» болып шықты. Аз ғана білсем де, журналист болуға бел буып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетіне оқуға түстім. Бұл киелі шаңырақ – білім мен ғылымның қайнаған ордасы, тек ұстаздар ұжымы ғана емес, студенттер бір-бірін өмірге үйрететін қара шаңырақ. Дәл осы университетке түскеніме, дәл осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Мен түсіндім, әнші, әртіс болу мен үшін тек қызығушылық қана екен. Ал, журналист болу – дербес болу, биік болу (оқысаң, әрине). Журналист ретінде мен өзімді көрсете аламын. Абай айтқандай «өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Мұны жазған себебім, мен үшін ғана емсе, барша журналистер үшін алға қойылған мақсат – құнды бір дүние қалдыру, әдебиетті  көркейте түсу. Осы қатпарлы сара жолды ештеңеден тайынбаймын. Бұл жолда талай адамды танисың, өзіңді танисың, зерттейсің, айналаңа көз тастап, істің ақ пен қарасын ажырата бастайсың. "Құлап бара жатып күлетін, жылап өмір сүретін", өмірдің сенімен ойнайтын кездері болады. Осы орайда Әділ Ботпановтың:

«Мен сені сүйемін өмір,

 Қос бұрым ерке қыз болып,

Сыңғырлап күлгенің үшін» - дегені еріксіз еске оралады. Өмірден түңілесің, жылайсың,  сонда да сүйесің. Айтқым келгені, өмірім қиын деме, тағдырыңды жазғырма! Өмірді сүй, өмірді сүр, кәсібіңе жауапкершілікпен қара! Себебі, кәсібің – адам болуыңның кепілі.



Бөлісу: