Массагетпен сырласу..

«Сырласу» бағдарламасынан Мадина Сәдуақасованың сұхбатын қарадым. «Егер сіз фармацевт болсаңыз, қандай дәрі ойлап табушы едіңіз»,-деген сұраққа «Рак ауруын бірден жазатын дәрі жасаушы едім»,-деп жауаптады. Расында, кейде адам бойындағы емделмейтін аурулар жайлы айтып, өкінеміз. Неге ғана емі жоқ осының, неге мен ғана, не жазығым бар еді деп қиналамыз. Әрине қайғылы, барынша мұңды құбылыс. Алайда мені басқа, шындап қаласа айығу адамның қолынан келетін ауру көбірек мазалайды. Біздің заманда адамдар тыныш өмірді қаламайтын сияқты. Олар соншалықты бақытты, тіпті, өзінен бірнеше дәрежеде артық адамды (адамилық тұрғыдан) сөзбен қорлауға бар. Құлап жатып сүрінгенге күлді деген, сірә, осы болар. Өз уақытын босқа өлтіріп, өзгелерді ғайбаттап, тәттіге құжынаған арадай жаман сөздерін жарыса жолдағанда ар-ұятты жиыстырып қоятын адамдар, Алланың ақ жолы, иман, күнә жайлы мүлде ойламайтын көрінеді. Жұртты «адамдық ауылынан» ары апарып салып, өзі жайлы жағымсыз сөз ести қалса дереу ақталып, «періште» боп шыға келетініне тіпті, таңым бар. Адам аузымен жүретін заманда кісіге құпия тұрмақ жай сөз айтудың өзі уайым болғаны тағы бар. Ешкім менің құрбым боласың деп мәжбүрлемейді ғой.. Өтірік дос кейпін киетіндерге не жетпейд осы.. Ос сияқты адам бойындағы «көрінбейтін» аурулар мазалайды мені..

         Егер біз біреуді өсектеп өзімізге күнә артып, өзгеге жағымсыз әсер қалдырудың орнына, оған ұнамды сөздер айтсақ, бойдағы соқыр қызғанышты жеңе біліп оның аз да болсын жеткен  жеңістігімен құттықтасақ оның да көңіл-күйі көтеріледі, сізге де жағымды емес пе? Ата-анамыздың ақшасына келген киім, көлік, ұялы телефонның орнына біліммен жарыссақ, бар мықтылығымызды сабақта көрсетсек тіпті керемет. Әрі көңіл көзің ояу болад, әрі қоғамға пайдаң тиеді..

      Түнгі ұйқымнан қалдырып отырған мендегі ой түйіні осы.. Ендігі қорытынды өздеріңізден. Әсіресе, қыз балалар, достыққа берік болайық!..



Бөлісу: