Қолымнан келсе егер, аяулы ана...

Анашым... Мен сізді қатты сағынып жүрмін. Сізден алыста жүргеніме 3 жыл болса да, сіздің құшағыңызды аңсауым басылар емес. Ана, айтыңызшы, мен сізге бір де бір рет еркелеп көрмеппін ғой)). Ал қазір жас балаша мойныңызға асылып, еркелегім келіп отыр. Кейбіреулер мені сізге ұқсатады.

Бірақ сіз ылғи айтушы едіңіз ғой. "Сен әкеңе ұқсайсың" деп. Бірақ мен мінезімді, жүріс-тұрысымды, сөйлеген сөздерімді сізге ұқсатуға тырысам. Сіз менің өмірдегі үлгі тұтар үздік тұлғамсыз! Анашым, егер қолымнан келсе ғой... Балалық күнімді қайтарып алар ем.



Бөлісу: