Аспан жаққа

Аспан жаққа
жеке
блог

Айлы аспанға қарап тұрдым ойлана,

Көз жанарым барады айға асығып.

Сол мезетте тамып кетті жәй ғана

Мөлдір моншақ жылт еткен ой жасырып.

 

Кетемін зор қиялмен көкке қарай,

Жанарымда жасық ой,мұңға малып.

Менің таудай мұңымды көтере алмай,

Тұрғандай ай өкпелеп,жұлдыз налып.

 

Түн меңіреу.Ауа тар.Жарты жүрек

Иманды жан қалай жолдан тайғанамақ?

Жабыққан дәл осындай сәттерімде

Тұрамын үнсіз ғана айға қарап...