"Тәтті мұң сыйлаған алтын әлем..."

Сәлем, Массагеттіктер! Бұл - алғашқы блогым екенін ескере кетсем артық болмас...) Бір қарағанда, суық, сұрғылт түсті куз мезгілінен әдемі сұлулықты байқап, шабыттанатын, бар мұң-сырын ағынан жарылып қағазға түсіретін, жандардың құдайы беретін кезді мен де махаббат жырымен қозғағым келіп отыр...

 

Көңілді, міне, қайта мұң басты,

Ағаштар жапырағын жерге шашты.

Алтын кілем төселген, Алтын әлем

"Тәтті мұңын" сыйлаған кезі басты.

 

Суытқанмен әлемді ызғарлы күз,

Жүректі суытпайды, қатпайды мұз.

Өлеңіме шабыт беріп, мұң басқанда

Көрінесің көзіме, сен, елес қыз.

 

Өзің жайлы жазылған осы өлең

Сезіміңнің ішегін шертті білем.

Мені егер ұмытсаң сен бұл уақытта,

Суып ішің, ысушы ма еді сенің денең?

 

Қарашы, өліп жатыр жапырақтар,

Жердің бетін алтынмен көміп жатыр.

Көңілге жылу беріп жадыратқан,

Жаз өмірім, мәз өмір өтіп жатыр.

 

Жас жүрекке шат көңілді сыйлаған не?

Ғашық еткен өзіңе махаббат па?

Қосылмаса ғашық жандар бұл әлемде,

Махаббаттың, аты өшкір, махаббат па?



Бөлісу: