Мен сіз секілдімін, сіз мен сияқтысыз...

Аманбысыздар, жандарына мейір жиған, массагеттік сырластарым... Мен де осы "өлкенің" нәзік жүректі тұрғынымын... 

Бірде ұстазым: "Махаббатпен алысып қайтесің, балалығыңды бағала қазір... Ол ертең айналып келмейді",-деген еді... Бүгін бұрындары жазылған өлеңдерге үңіліп, бала жүректің тазалығын балаң жырдан іздемей тапқандай болдым... Өлеңімнің кедір-бұдыры басым болса да, бүгінімнен кешегіме ынтықтым...   (Қате тұсымды айтып, сынай жүріңіздерші... )

А ө

  Мен сіз секілдімін, сіз мен сияқты...

         (жұлдызым туралы)

Әрбір жанның жұлдызы бар көкте шын,

Жүрегімде дейді осылай өктем үн.

Қайсы адам көк аспанға қол созар,

Қиып тастап кету үшін көк белін?!

 

Мен аспанға адымдасам, құлайды ол,

Қуансам шын,сонда көкте жылай ма ол?!

Мен сөнейін, жана түсіп жарқырап,

Жол меңзеумен өткерсінші жыл-айды ол.

 

Құлай көрме жетіп қалам аптығып,

Пенделерге құлап өлу жат қылық!

Сізге ұмтылып көкке созсам қолымды,

Жүргенің не жерге өзіңді лақтырып?

 

Жарығына таңдағанмын, тамсанып,

"Меніңкі",- деп жарты әлемге жар салып...

Мені де әлі сол жұлдыздай көктегі,

Танып, ұғып, сүйе жатар бар халық!

Періште сезім...

Бұртыюшы ем ергеніңде,

Іштей мәз боп келгеніңде...

Тап-тыйнақтай кербез бала,

Өміріме өң бергенің бе?!

 

Жауап алмай оңған менен,

Асыр салдық тоңғанменен.

Бүгіп, сірә, қалдық бірдей,

Ортақ сезім болғанменен...

 

Жұмысың жоқ өзгеменен,

Неге семен сөзге келем?!

Қолың тисе шатынап ап,

Бар ерікті көзге берем...

 

Қос сезімдер алақтады,

Ұзақ реңге қаратпады.

Өкінішті, бір кездері,

Екіге өмір таратқаны...

 

Арызынды айт арманға,

Хақысы жоқ қайтармауға.

"Періштелер" пәк сезімді,

Ұстатпасын "сайтандарға"...

 

Қызғанамын...

Сен неге көп қарайсың?!

Сол қызға сұлуланған...

Менде де әкем қырықпай,

Тап сондай бұрым болған...

 

Жанарды ұры етіп ап,

Әйтеуір, күн кешесің...

Сен неге менен гөрі,

Омен көп тілдесесің?!

 

Кітапты атым жүрген,

Ұсындың жатқа тағы...

Жазбасын есімімді,

Сыйлаған жат қаламы...

 

Қашанда қара құлып,

Сезімі қыз баланың...

Қайдасың, кім біледі,

Сонда да қызғанамын...

Мақпал Төребек

 

 

 




Бөлісу: