Сіз үшін "байлық" деген не?

   Байлық! Осы сөз кейбір жандар үшін қалтаның қалыңдығымен шектеледі. Ал, кейбіреулер үшін байлық мүлдем басқа нәрсе. Сол жандар үшін байлық не екенін тізіп көрейік.

   Айналамдағы құрбы-құрдас, туған-туысымнан бақыласам байлық көбіне қаржының көптігімен ұштасатынын түсіндім.

-          Бай болсаң жаның рахаттанып, баршылықта өмір сүресің,- дейді. Әмияның толы ақша, қалаған қымбат жерлерден тамақтанасың, соңғы үлгідегі темір тұлпар, сапалы брэндтен киімдерді киіп жүресің,-деп өз ойларын білдірді.

   Енді, Алланың ақ жолында, күнделікті бес уақыт намазын оқып жүрген жандармен сұхбаттасып көрсең, былай дейді: « Мен үшін байлық намазымды аман-есен,уақытымен үлгеріп үзбей оқу, Алланың шапағатына, нұрына бөлену. Сол арқылы мен рухани баи түсемін», - деп ойымен бөлісті.

Келесі кезекті жарық дүниені көру мүкүндігінен айырылған жанға берейік:

-          Мен үшін байлық не екенін түсініп отырған шығарсыз, - деп мұңды дауысымен әңгімесін бастады. Байлық біреулер үшін ақша! Мен үшін денсаулық. Тіпті жанарымның біреуіне мына өмірді көруге мүмкіншілік берсе екен. Сол үшін барымды берер едім. Сол байлыққа жету үшін қажет дүниенің барын жасаушы едім,- деді.

                                Ақшамен сағат сатып алуға  болады,

                                Алайда уақыттты емес!

                                Ақшамен шен сатып алуға болады,

                                Алайда сыйластық емес!

                                Ақшамен дәрігер сатып алуға болады,

                                Алайда денсаулық емес!

                                Ақшамен кітап сатып алуға болады,

                                Алайда білім емес! - дейді ұлы даналарымыз.

Сол себепті ақша жанның емес, тек тәннің  рахаты екенін түсінейік, достар! Рухани бай болайық, кейін қаржы өзі-ақ келер!



Бөлісу: