"Өмірде істелуі тиіс 50 нәрсе"

"Өмірде істелуі тиіс 50 нәрсе" (https://massaget.kz/bastangy/zhadnama/14282) материалына жазылған жауап. Пікір ретінде қалдырғым келмеді))

1. Анаңызға 50 тал шоқ гүлін сыйлаңыз, және “мен сізді жақсы көрем” деп айтыңыз.

Анама өзі жақсы көретін, үйде өсіретін гүлдер сыйлағанмын, жақсы көру деген сәт сайын айтылады;

2. Қандай да бір шет тілде сөйлеуді үйреніңіз.

Ағылшын тілін білемін аздап. Араб тілін мұсылмандық жолы үшін, француз тілін әдемілігі үшін, қытай тілін қажет болар деп үйренгім келеді;

3. Түн ортасында теңіздің жағасында серуендеңіз.

Каспийім махабатым ғой менің. Серуендедім талай, түн ортасында болмаса да;

4. Париж, Лондон секілді романтикалық қалалардың біріне қыдырып барыңыз.

Париж...арманым. Барамын, бұйырса;

5. Әдемі боп киініп театрға барыңыз.

Барғанмын, барамын, бұйырса;

6. Суретшіге өз портретіңізді салдырыңыз. Мейлі, тіпті көшеде отырғанына болсын.

Керек;

7. Киноға ең болмаса массовкаға түсіңіз.

Түстім.

8. Кімге болсын өз өміріңізді бастан аяқ айтып беріңіз. Еш өтіріксіз, бір бөлшегін де қалдырмастан баяндаңыз.

Білетіндер бар ғой, бөлшектің бөлшегін де. Басқалар қызығып, сұраса айтуға болады тағы да;

9. Өзіңізге пікір қабылдап үйреніңіз.

Үйреніп жүрмін;

10. Биік жартастан парашютпен секіріп көріңіз.

Қорқамын. Сәті түссе секіре саламын;

11. Сөмкеңізді асыныңыз да адам аяғы баспас жерге біраз уақытқа жоғалып кетіңіз.

Болды, бірақ «бейтаныс» адам аяғы басатын жерге...;

12. Шаш үлгіңізді, түсін де өзгертіңіз.

Түсін өзгертуге болмайды, үлгісі күн сайын өзгеріп тұрады;

13. Айға баратын жолаушылардың бірі болып тізімге жазылыңыз.

Ондай тізім де бар ма еді? Жазып қоя салсын...))

14. Мінезіңізді, жүріс-тұрысыңызды қалыпты ұстау үшін жеке стиліңізді қалыптастырыңыз.

Қалыптасып қалған болар;

15. Ен далада түйемен серуендеңіз.

Серуендедім, үстіне мініп емес, қасында жүріп;

16. Көршіңізбен тату болыңыз.

Көршілерім керім ғой, Аллаға шүкір;

17. Дельфинмен бірге суға шомылыңыз.

Дельфииин ? Бұл болммайды енді, ұяламын одан))

18. Терек отырғызыңыз.

Терек па білмеймін, ағаш отырғызып, суарып жүрдім жазда;

19. Егер расымен де айтуға мәжбүр болсаңыз, “жоқ” деп айтып үйреніңіз.

«ЖОҚ» па, «ЖОҚ» қой, бітті;

20. Үлгі тұтар кумиріңізге хат жазыңыз.

Кумиріме? Жазайын;

21. Әкеңізге барып вальс билеуді үйретуін өтініңіз.

Елестетейін:

- Көке, вальс билеуді үйретші.

- Не қыл дейді ? (Неғылдит?)

- Массагетте солай жазып қойған, интернетте.

- Иииә, байғұс (көңіл күйі болса). (болмаса) Оттама. Сол қалып еді енді.

Жоооқ, айтпаймын)

22. Бастық болуды көздеңіз.

 Басқара алар едім, бастық болуды қаламаймын қыз басыммен. Тәрбиеме тән емес.

23. Әрбір досыңызбен жолығып, той-думандарға бара беруді доғарыңыз.

Әзірге, ондай емеспін. Тойшы қауымның несі жаман, шақырған жерден қалмау керек (әлде, маған дұрыс жеткен жоқ);

24. Жалтақтаусыз, еш себепсіз, есепсіз ғашық болыңыз.

Болғанмын;

25. Демалысыңызда тек жалғыз өзіңіз көптен барғыңыз келіп жүрген жерге тартып кетіңіз. Ол жер алыс болмауы да мүмкін.

Орындалған;

26. Сурет салыңыз, көңілде жүрген ойларыңызды қағазға түсіріңіз.

Салғанмын;

27. Әдемі бір өзеннің жағасына барып, өзіңізге қатты ұнайтын өлеңді оқып беріңіз.

Жасайын;

28. Биік таудың шыңына шығып бар дауыспен ән салыңыз.

Жасайимын;

29. Бастығыңыздан жалақаңызды жоғарылатуын сұраңыз.

Ұят қой, өзі лайық деп тапса жасар;

30. Қандай да бір музыкалық аспапта ойнауды үйреніңіз.

Гитарада ойнауды үйрегенмін, ендігі жоспарда домбыра;

31. Ішкі ойыңызды жасырып жүре бермей, айналаңыздағы адамдарға өздері туралы не ойлайтыныңызды айтып беріңіз.

Айтып тастаймын үнемі;

32. Түнімен көңіл көтеріп, билеп, таңмен сол күйі жұмысқа барыңыз.

Сабаққа барғанмын;

33. Марафонға қатысыңыз.

Қатыстым;

34. Танымайтын бір адамға еш себепсіз көмек көрсетіңіз.

Жасағанмын, жасай беремін де;

35. Жаңа ғана танысқан адаммен кездесу белгілеуге қорықпаңыз.

Өзі белгілесін керек болса)))

36. Өзіңізді сайқымазақ ретінде ұстап, шаршағаныңызша көңіл көтеріңіз.

Ондай сәттер болып тұрады;

37. Жұлдыздардың астында ұйықтап көріңіз.

Жаз бойы жұлдыздар менсіз жымыңдамайды;

38. Бірнеше сағат би кешінде болыңыз. Әрине жай болып қоймай, айызыңыз қанғанша би билеңіз.

Менің сүйікті ісім;

39. Көлігіңізді ауыстырып көріңіз.

Үйдің көлігі ауысып тұрады, біздің қалауымызға қарай.

40. Ғашық адамыңызға бар сезіміңізді жайып салған хат жазыңыз.

Жазғанмын;

41. Жаңа жылды орманда қарсы алыңыз.

Қаламаймын, отбасылық мерекені үйде қарсы аламыз;

42. Кафеде не мейрамханада оркестрмен бірге ән салып көріңіз.

Болашаққа еншілейін;

43. Атыңызды қандай да бір қорға, саябаққа, гүлзарға беріңіз.

Бұйырғаны болар;

44. Өз қалауыңыздағы үй тұрғызып шығыңыз.

Жасаймын;

45. Қандай да бір телевизиялық бағдарламаға қатысып көріңіз.

Қатысып көрдім;

46. Үш айдың ішінде сымбатыңызды қалыпқа келтіріңіз.

Болған)

47. Өзіңізді дәл осы күйіңізде қабылдауға тырысыңыз.

«ДӘЛ ОСЫ КҮЙІМДЕ ҚАБЫЛДАЙМЫН»;

48. Көп адамның алдында қысылмай сөйлеуді үйреніңіз.

Үйреніп жүрмін;

49. Өміріңізде бір рет болсын бал, карнавалдарға қатысып, спорттық жарыстарды, концерттік бағдарламаларды тамашалаңыз.

Болғанмын;

50. Күніне бір рет өзіңізге есеп беруді ұмытпаңыз.

Міндетті түрде.

 

Қызық деп тапсаңыз, жалғастырарсыз эстафета ретінде. Жай ғана, елу нәрсе ұнады маған.



Бөлісу: