"Жарайды немесе ОК"


       Осыдан бірнеше жыл бұрын (қателеспесем, 2009 жыл) біздің ауылдың (Павлодар облысын, Лебяжі ауылындағы) орта мектебіне Кевин есімді волонтер келген болатын. Оқушыларға ағылшын тілін үйретпекші болған ол осылайша 3 миллионға жуық тұрғыны бар Чикагоны (АҚШ штаты) 300 түтіні бар Черноеға (иә, бұл - ауылдың атауы) бір сәтке алмастырды. Қонақжаймыз ғой, мейірімдіміз де. Сөйтіп, мұхиттың ар жағынан келген мейман 1,5 жыл бойы "черновский" атанып кетті. Ауылдықтардың барлығы оны мистер Кевин деп ағалап, құрмет көрсетуден жалықпады. Ол көп уақытын мектепте өткізетін. Үш қайнаса да қазақпен сорпасы қосылмайтын 26 жастағы қарапайым жігіт, тіпті, ауызекі қазақ тілін оқи бастады. Қазақша айтқан алғашқы сөзі "жарайды" болды. Оны мектептегі ағылшын тілінің мұғалімі үйреткен-ді. Сөйтіп, әлгі мистеріміз әлемдегі ең танымал "ОК" сөзін айтудан қалды. Жиі айтатыны, сол - "жарайды" сөзі еді. Осы кездері қазақтың бұл сөзі халықаралық сөзге айналар ма еді деген ой туды. Кім білсін...



Бөлісу: