Аналар асыл жандар!

Аналар асыл жандар!
жеке
блог

Ана - үш әріптен құралған жәй ғана сөз секілді,алайда, бұл үш әріпте терең ойлы мағына жатырғанын біреулер біліп,біреулер білмей де жүр.Пайғамбарларымыз айтқан <Жұмақтың кілті - анаңның аяғының табанының астында>-деген асыл сөз бар.Алайда біз қанша жерден аналарымызды сөзбен үлде менен бүлдеге орасақ та,іс-әрекетке келгенде талай жандар адасып жатыр.Елімізде қарттар үйі күн санап болмағаны мен ақырындап қатары көбейіп келеді.Бұл дегеніміз-қарттар үйі аздық етуде деген сөз,ал аздық ету дегеніміз - әлі де ата-анасын қауқары қайтып,қызық көрер шағында керексіз адам ретінде сыртқа тебу бар деген сөз.<Ата-ананың қадірін,балалы болғанда білерсің>- деген халқымыздың мақалы бар.Осыған орай айтайын деген сөзім,көп адамдар ата-ананың қадірін олардан мәңгілікке қол үзгенде ғана,яғни, бәрі кеш болғанда түсініп,біліп жатады.Бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың қадіріне жету талай лүпілдеген жүректердің арманы екені айдан анық.Ендеше әрбір анадан туған азамат пен азаматшалар өздерінің ақ сүт беріп өсірген аналарының қадіріне жетіп,соларды өз өмірлеріне риза етсең одан асқан балалық бақыт болуы мүмкін емес әрине.Сөз соңында айтарым                                                Әке-білек саусағы балалары                                                                  Қан тамырмен жалғасқан аралары                                                        Ана-тамыр бойымен бәріне де                                                                Тіршіліктің жылуы таралады!