"ШАХТЕР" сенімді ақтайма?

Сонымен не керек ақыры Евро Лигасыда өз жалғасын тауып Қазақстанның атынан жарыс жалғастыруға жолдама алған жалғыз "Шахтерге" қарап шықпа жаным шықпамен отырған жайымыз бар. Әрине Евро Лигада кім доп тебуді армандамайды? Сол арманның жолында еліміздің намысын "Шахтер" командасы қорғамақ. Футбол десе елең ететін Қазақ жанкүйерлердің желебесі ертең қызғалы тұр. Еліміздің атынан шығатын жалғыз ғана "Шахтер" клубы ғана қалды. Қарсыластарымызда осал емес голландиялық «АЗ Алкмаар». Бұл команданың тізгінін жақында ғана өз қолына алған әйгілі Дик Адвокат бапкер бастап келеді. Адвокат Кумыковке қарағанда тәжірибесі мол, Европаның қолын төске ұратын біраз командасының тізгінін ұстаған. Қысқасы "АЗ" командасыда оңай шағылар жаңғақ емесі анық. Құрамында Европаның белді футболшылары бар нағыз өз бабындағы команда. Кумыков бапкер өз шәкірттерінің жерге қаратпайтынына сенімі мол. Команда сапынан кілең мықты ойыншылар алаңға шықпақ. Әрине жанкүйерлер ең бірінші кезекте Хижниченко мен Финоченко жұбын көргісі келетіні анық. Осы жұптың ойыны "Шахтердің" сапында ғана емес, Ұлттық құрама сапындада жақсы нәтиже көрсетіп жүргені белгілі. Ойынның боладысынан болғаны қызық демекші нағыз қарбалас сәт Ертең "Астана Арена" стадионында болмақ. "Шахтер" командасына тек қана сәттілік! Ойынның басталуы сағат 22:00-де КТК телеарнасынан тамашалай аласыздар. "Шахтерді" бірге қолдайық.



Бөлісу: